Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Алгоритм құрылымы
Информатика 8 cынып
Сабақтың тақырыбы: Алгоритм құрылымы.
Сызықтық немесе тізбекті алгоритм, тармақталу алгоритмі, циклдік алгоритм
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды алгоритмнің командалары және оның құрылымын түсіндіре отырып, компьютерде есеп шығару кезеңдерімен таныстыру, практика жүзінде қолдануға үйрету. Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру
Дамытушылығы: Оқушыларды алгоритмнің командаларымен және құрылыммен таныстыра отырып, алгоритм құру дағдыларын қалыптастыру, логикалық ой - өрістерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақтылыққа адамгершілікке тәрбиелеу.
әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу
Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту сабағы
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, интерактивті тақта, презентация.
Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру кезеңі
б) үй тапсырмасын сұрау
в) жаңа сабақ
г) дамыту
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.
Өткен материалды қайталау сұрақтары
Слайд бойынша компьютердің дайындап әкелген сұрақтарына жауап беру.
Құрылғылардың аттарын, қызметін қайталай отырып дербес компьютер туралы білімдерін пысықтап өту.

• Алгоритмді өрнектеу, жазу тәсілдері дегеніміз не?
• Алгоритмдері графиктік түрде кескіндеу ерекшеліктері қандай?
• Блок - схема дегеніміз не?
• Негізгі блоктарға және көмекші блоктарға нелер жатады?
• Алгоритмдік тіл, программалау тілі дегеніміз не?
• Атқарушы ұғымы
I. Жаңа сабақ
Оқушыларды үш топқа бөлу арқылы топпен жұмыс түрінде өткіземіз.
Сары, жасыл, қызыл топтар. Әр топқа бір алгоритмнің типін ережесімен, көрнекілігімен, блок схемасымен береміз.

5 - 6 минут уақыт оқып танысып, талдап топпен шығып қорғайды. Бірін – бірі толықтырып отырады.

Алгоритмдер блоктардың өзара байланысуына қарай үш құрылымға – сызықтық тармақтық және циклдік түрлерге бөлінеді.
1. Сызықтық немесе тізбекті алгоритм. Сызықтық алгоритм тізбектеле орналасқан командалардан, ал блок - схемалар бір сызық бойына орналасқан тізбекті блоктардан тұрады.
Әрекеттердің тізбектей орындалуы – сызықтық алгоритм деп аталады.
Мысалы:
алг үй тапсырмасын орындау
басы
күнделікті алу, тиісті бетін ашу,
үй тапсырмасын анықтау
үй тапсырмасын орындау
күнделікті орнына қою
соңы
Сызықтық алгоритм командалары осында көрсетілген рет бойынша орындалатын тізбектеле орналасқан командалардан (блоктардан) тұрады.
Амалдардың бұлай бірінен соң бірі реттеліп орындалу тәртібін табиғи атқарылу дейді

Тармақталу алгоритмдері. Тармақталу алгоритмінде көбінесе арифметикалық теңсіздік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Егер орындалса, онда алгоритм бір тармақпен жүзеге асырылады да, соңында екі тармақ қайта бірігеді. Мұндай алгоритмде шартты тексеру тармақталу командасы деп аталады. Оны алгоритмдік алгоритмдік тілде өрнектелгенде егер, онда, әйтпесе, бітті түйінді сөздері пайдаланылады. Орындау тәсіліне байланысты тармақталу командасы «таңдау»(толымды) және «аттап өту» (толымсыз) болып екі түрге бөлінеді.
Циклдік алгоритмдер. Көптеген алгоритмдерде белгілі бір әрекеттер тізбегі бірнеше рет қайталанып орындалып отырады. Математикада есеп шығару кезінде бір теңдеуді пайдаланып, ондағы айнымалы мәнінің өзгеруіне байланысты оны бірнеше рет қайталап есептеуге тура келеді. Осындай есептеу процесі бөліктерінің қайталап орындалуы цикл деп атайды, ал қайталанатын бөлігі бар алгоритдер тобы циклдік алгоритмдер жатады. Қайталану командасын алгоритмдік жазу үшін әзірше (әзір), цикл бар (цб), және цикл соңы (цс) түйінді сөздер қолданылады.

II. Сурет бойынша блок құру, алгоритмді табиғи тілде жазамыз.
III. Көзге жаттығу. Слайд арқылы

IV. А4 - ге берілген тапсырма бойынша алдарындағы флипчартқа блок схемасы мен алгоритмді түйінді сөздермен жазу.
1. Тік төртбұрыштың ауданын есептеу.
2. Квадрат теңдеудің түбірін табу
3. 1ден 10 - ға дейінгі сандардың қосындысын тап

V. Сабақты қорытындылау. Үш түрлі түсті таңдау себебіміз алгоритмнің үш типіне де алгоритм құруға болады. Бағдаршам ережесін талдау.

Сабақты бекіту сұрақтары
• Алгоритм командалары есеп шартына байланысты қалай бөлінеді?
• Жай және құрама командалардың айырмашылықтары қандай?
• Сызықтық алгоритм дегеніміз не?
• Тармақталу алгоритмі мен циклдік алгоритмнің айырмашылығы қандай?
• Компьютерде есеп шығару қандай кезеңдерден тұрады?
Сабақталған алған әсерлерін смайликтер арқылы білдіреді.

Үйге тапсырма: Алгоритм типтеріне мысалдар келтіріп блок схемасын құрып, табиғи тілде, арнайы тілде жазып келу.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама