Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Әліппе - білім бастауы
Ақтөбе қаласы,
№51 гимназияда бастауыш класс мұғалімі

Әліппе - білім бастауы
Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін бекіту және ана тілі пәнінің маңызын түсіндіру.
1. Ертеңгілікте 3 - 4 айда қандай білім игергенін іс жүзінде көрсету.
2. Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту.
3. Адамгершілікке ұқыптылыққа, бірін - бірі сыйлауға, кеш барысында өзін - өзі дұрыс ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: « Әліппе - білім бастауы.», баннер, гүл, шарлар, жалаулар, музыкалық аспаптар, «Әліппе» және «Ана тілі» кітаптарының мұқабалары.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Құрметті ата - аналар, ұстаздар және 1 - класс оқушылары! Бүгін егемендігіміз ескеріліп тәуелсіз тұлпардай етек - жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп жатқан шақта бүгінгі күн сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақ. Ана тілінің ғажайып әрі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін оқуға, білімге деген ұмтылысқа шақыратын «Әліппе - білім бастауы» ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Әліппені аяқтау тойларыңыз құтты болсын!
Ортаға сиқыршы шығады. Сиқыршы:
- Ой, бүгін күн қандай тамаша! Табиғат ана өз жылуын жердегі адамзатқа төгіп тұрғандай. Күн шуағын шашып, айнала құлпырып тұрғандай. Мен үшін бүгін ерекше күн. Бүгін менің сиқырлы таяғым, маған қандай қызық көрсетесің?(Сол кезде қасына екі жүргізуші шығады).

1 - жүргізуші: Армысыз, сұлу сиқыршы!
Сиқыршы: Сәлеметсіз бе, мен сізді танымадым. Мен өзі қайда тұрмын?
2 - жүргізуші: Сиқыршы қыз, сіз номер №51 гимназияда тұрсыз. Бүгін біздің мектебімізде ерекше той - думан өтеді. Мектебімізде 1 «А, В, Д» кластары әліппемен қоштасқалы тұр. Келіңіз, біздің балалардың өнері мен білімін тамашалаңыз.
Сиқыршы қыз: Мен білсем, осы балалардың барлығы шетінен өнерлі. Балалар, менің сиқырлы таяғым бір нәрсені сезіп, маған белгі беріп тұр. (Таяқты жерге үш рет ұрады). Сол кезде ортаға Дымбілмес шығады.
1 - жүргізуші: Ой, балалар, мынау Дымбілмес қой.
Дымбілмес: Сендер немене менсіз той тойлап жатырсыңдар ма?
2 - жүргізуші: Балалар, біздер Дымбілмеске осы уақытқа шейін жазуды, оқуды үйреткен болатынбыз. Бірақ ол ешнәрсе үйренгісі келмеді. Ал, бүгін біздің тойға қатыссын, мүмкін ойланар.

1 - жүргізуші:
Өтті оқу сан - сабақ,
Бүгін міне салтанат
Оқулықпен достаспақ
Әліппемен қоштаспақ.
Ой - білімі жаңғырмақ
Әліппеден мәңгілік
Әріптерді таныған
Өңкей білгіш балдырған
Құтты болсын тойларың!

2 - жүргізуші:
Әліппені бітірді балаларың,
Әліппеден нәр алған даналарың.
Өзі оқып жазатын халге жетті
Құтты болсын білімі балалардың!
Ортаға сиқыршы шығады.
1 - оқушы:
Құрметті ұстаздар мен ата - аналар!
Кез келді сіздерден ақ бата алар.
Ұл - қыздарың көрсетпекші өнерлерін
Бар қауым таңданар, таңдай қағар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама