Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Алматы - менің сүйікті қалам
Тәрбие сағат
Тақырыбы: Алматы - менің сүйікті қалам
Мақсаты:
Білімділік: Алматы қаласы туралы жаңа мәліметтер беру; Туған жерге деген сүйіспеншілік пен құрметке баулу;
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеттерін, байланыстырып сөйлеу, есте сақтау қабілеттерінің дамуына ықпал ету;
Тәрбиелік: Ата-мекенін сүю, мақтаныш сезімдерін ояту. Эстетикалық, экологиялық тәрбие беру;
Сабақ түрі: аралас
Әдісі: сұрақ - жауап, аударма, ойын элементтері
Көрнекілігі: Суреттер, Алматы қаласының суреттері, интерактивті тақта

Сынып сағатының барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар тұрады, сәлемдеседі.
1. Алматының тарихы.
100. Алматының тұрған жерінде ежелден кімдер мекендеген?.
Жауап: Қала тұрған жерді қазақ ұлтын құраған тайпалар мекендеген. Археологтардың зерттеулерінде ертеде сақтар, кейін үйсіндер, орта ғасырларда дулат тайпалары мекендеген деген дәлел айтады.
200. Алматы ежелден қандай атпен аталған?
Жауап: Алмалық пен Алмату. Алмату қазіргі Алматы тұрған жерде орналасқан. Алматудан қалған ескерткіштер 20 ғасырдың 40 - 50 жылдарына дейін сақталған. 1807 жылы Верный бекінісі салынған.
300. Алматы атағын қашан алды?
Жауап: 1918 жылы 2 наурызда Кеңес үкіметі орнады.
1921 жылы ежелгі Алматы атауын қайта алды.
Алматы кеше.
100. «Қазақстан» кітабынан «алтын адам» туралы не білесің?
Жауап: Алматы облысы, «Есік» қаласынан, қаланың сол жақ жағалауынан табылды. 1969 - 1970 жылдары К. Ақышов 17 - 18 жастағы сақ жауынгері бейнесін.
200. Алматыда қандай оқу орындары бар? Жауап: Алматы құрылыс Академиясы, Мед Академия, Жоғарғы әскери Академия, Алматы жоғарғы би мектебі, Алматы Мемлекеттік Консерваториясы, Ал. МУ, т. б.
300. Қалаға көрік беретін қандай ғимараттар бар?
Жауап: Даңқ монументі, М. Әуезов драма театры, Медеу мұз айдыны, Спорт сарайы, «Қазақстан», «Анкара», «Рахат - палас» қонақ үйі, Республика сарайы, Мемлекеттік музей, т. б.
Алматы ертең.
100. Өз ойыңда Алматыға не керек?
Жауап: Метро, Арал - Алматы темір жолы, океанариум, Электричка.
200. Алматының болашағына кедергі келтіретін нелер деп ойлайсың?
Жауап: Көліктердің түтіні, ауаның ластығы, таулы жерде тұратындығы.
300. Алдағы уақытта Алматыда қандай кинолар түсірілсе деп ойлайсың?
Біздің туған жеріміз Аралдың тарихы, жолда көретін қиындықтарымыз, Ортадағы өткелдерді адамдардың көрген қиындығын ағаларымыз көріп, солар жайлы деректі фильмдер, арнайы жобалар жасаса деп ойлаймыз.
Алматы бүгін.
100. Қазір Алматыда қандай өнер адамдары тұрады?
Жауап: Барлығы бақ қуып, Астанаға кетіп қалды ғой деймін.
200. Алматыдан қандай ақпарат құралдары тарайды? Қандай газет - журналдар бар?
Жауап. «Хабар», «Ұлттық арна», «КТК», «Алма тв», «Ақ желкен», «Қазақстан әйелдері», «Балдырған» т. б.
300. «Қазақфильм» киностудиясы шығарған қандай кино тамашаладың?
Жауап: «Қыз Жібек», «Құлагер», «Өтелмеген парыз», «Несібелі», «Шегіртке», Қазір түрлі телесериалдар т. б.

Үйге тапсырма: Алматы туралы өлең жаттау
Қорытынды: Ал, балалар бүгінгі тәрбие сағаты өз мәресіне жетті, түсінбеген сұрақтарың болса сұраңдар, түсінгендеріңді ойларыңа тоқып, алдағы уақытта қолданады деп ойлаймын.
Әлі де білімдеріңді жетілдіріп отырыңдар. Алда Алматы қаласы сіздерді күтіп тұрған шығар.
Біздің тақырыбымызға араласып өздеріңнің білімдеріңді көрсеткендеріңе рахмет, сау болыңыздар!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама