- 31 мам. 2016 00:00
- 211
Алматы облысында мектеп формасын тігу бойынша жеңіл өнеркәсіп кластерін құру ұсынылуда
Бұл ұсыныс жергілікті үлеске мониторинг жүргізу және отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша комиссияның міндетті мектеп киімін енгізу мәселелеріне арналған кезекті отырысында айтылды.
Кәсіпкерлер палатасы жүргізген мониторинг қорытындылары бойынша, соңғы екі жылда 734 мектептің ішінде 684-і бірыңғай мектеп формасын енгізді. Биылғы оқу жылында оларға тағы 30 мектеп қосылған. Міндетті мектеп формасымен барлығы 306 мыңнан астам оқушы қамтылды.
«2014-2015 жылдары мектеп киімінің бағасы 5000-нан 12000 теңгеге дейін құраған. 2015-2016 жылдары - 9000-11500 теңге арасында болды. Ата-аналардың пікірінше, негізгі проблема матаның сапасы мен түсіне қатысты болып отыр, себебі бірінші жуғаннан кейін мектеп формасы бастапқы түрін жоғалтып отырады», - деп атап өтті АКП кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді төмендету бөлімінің сарапшысы Айдар Қажымұқан.
Осы себеппен көптеген оқу мекемелері мектеп киіміне тапсырысты «Ажар», «GLASMAN», «Сымбат» сияқты ірі тігін фабрикаларына береді, себебі шағын бизнестің бүкіл мектеп үшін киім тігуге технологиялық мүмкіндіктері жеткіліксіз. Осыған байланысты, Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ләззат Шыңғысбаеваның пікірінше, облыс өндірістік кластерді құруға мұқтаж болып отыр.