Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Алматыда 12 жастағы вундеркинд алғашқы семестрін үздік тапсырды

Қазақстандағы ең жас студент Абзал Мырзаш алғашқы семестрін үздік тапсырды.12 жастағы вундеркинд қазір Қазақ-Британ техникалық университетінің Ақпараттық технологиялар факультетінің 1 курсында оқып жатыр. Бұл туралы Абзалдың әкесі Дәуренбек Нысанов Фейсбуктегі парақшасында жазды.

«СҮЙІНШІ! Қазақ-Британ техникалық университетінің ең жас студенті, 12 жастағы вундеркинд Абзал Мырзаш,алғашқы семестрін үздік бітіріп және алғашқы сессиясын үздік тапсырып, қысқы демалысқа шықты», - деді әкесі Дәуренбек Нысанов.

1-курста Абзал ақпараттық-комуникациялық технологиялар, компьютерлік сәулет, физика, инженерлерге арналған линиялық алгебра пәндерін оқыды. Зерек оқушыны университет басшылығы емтихансыз қабылдаған болатын.

Анасы Жазира Доскееваның айтуынша, «вундеркинд» бала 3 жасына жетпей-ақ, әріптерді қосып оқи бастаған. Ал 4 жасында екі таңбалы сандарды көбейтуді меңгерген. Ерекше қабілетінің арқасында ол 3, 5, 7, 9, 11 сыныптарды ғана оқып небәрі 7 жылда 12 жасында мектеп түлегі атанды. Сондай-ық, Абзал Мырзашұлы халықаралық, республикалық олимпиадалардың жеңімпазы.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама