Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Алтын күз
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі:Тіл дамыту, көркем әдебиет, қоршаған орта, сауат ашу.
Тақырыбы: «Алтын күз».
Мақсаты:Балалардың күз туралы түсініктерін кеңейтіп, күз мезгілінің ерекшелігін, қоршаған ортадағы табиғат өзгерістері, күзгі адамдар еңбегі туралы ойларын, грамматикалық формада және байланыстырып сөйлеуге төселдіру.
Дамытушылық:іскерлік дағдыларына баулу арқылы шығармашылықты дамыту.
Тәрбиелік:табиғатты аялауға, әсемдікке көре білу, сезінуге тәрбиелеу
Сөздік жұмысы:алтын, құт - береке, молшылық, ырыс.
Көрнекелігі:суреттер, жеміс және көкөністер, төрт мезгіл ертегісі бейнесі.

«Балалар тілегі»- топтық жиын. «Тілек шеңбері»
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды күніміз,
Жайнай түсті даламыз,
Қайырлы таң, қонақтар.
Біз ерекше баламыз
Айтқан тілді аламыз,
Достарымызды көргенде,
Қуана қарсы аламыз.
«Төрт мезгіл» ертегісінің бейнесін көрсету арқылы ертегіні түсіндіре, жыл мезгілдері туралы түсініктер беру.
«Төрт мезгіл»ертегісі.
Қимыл әрекетті мұқият бақылап ертегіні тыңдайды.
Ерте, ерте, ертеде атақты Жыл ақсақалдың Қыс, Күз дейтін екі ұлы, Көктем, Жаз дейтін екі қызы болыпты.
Ұлдары мен қыздары есейгеннен кейін, Жыл ақсақал оларды шақырыпты.
- Ұлдарым мен қыздарым! Ақылдарың толысты, буындарың бекіді. Енді мен сендерге үлкен сенім артып, зор міндет жүктегелі отырмын. Қалай көресіңдер?- деп, ол ұлдары мен қыздарына сынай қарапты.
- Мен дайынмын!- дейді қызу қанды Қыс қабағымен сүзе қарап.
- Мен де,- депті көктем сұлу қасын керіп.
- Мен де,- депті көңілшек Күз аузын бұртитып.
- Мен де,- депті жадыраған Жаз.
Жыл ақсақал оларға риза болады.
- Ендеше, мен сендерге он екі Айды үш - үштен теңдей бөліп, енші бергім келіп отыр,- деп, Жыл ақсақал денесін тіктеп алады да,- мына ақ қағазға ай аттары жазылған. Әрқайсысың үш - үштен алатын болыңдар,- деп ораулы он екі қағазды шашып тастайды...
Ұлдары мен қыздары шашылған қағаздарды таласып - тармасып алып жатады.
- Сонымен сендер кезекпен Үш ай жұмыс істейтін боласыңдар.
Ал жолдарың болсын! Бірақ бір ескертерім сол, әрқашан халық үшін, адамдар үшін қызмет ететіндеріңді ұмытпаңдар,- дейді де Жыл ақсақал кетуге ыңғайланады.
Содан бері жылдың төрт мезгілі - қыс, көктем, жаз, күз адамдарға қалтқысыз қызмет етумен келеді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама