Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Алтын күз
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы,
Құлан ауылы «Балауса» балабақшасының тәрбиешісі
Укиметова Аксункар Аскаровна

Білім беру саласы: Қатынас.
Бөлімі: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Алтын күз
Мақсаты: Күздің негізгі белгілерімен күзгі табиғатпен, күзгі еңбек түрлерімен таныстырып, алған білімдерімен тиянақтау. Әңгіме құрап айтуға үйрету. Сөздік қорын молайту. Сөйлеу кезінде дұрыс тыныс алуын дамыту.
Сөздік жұмыс: Алтын күз.
Көрнекі құралдар: Күз мезгіліне байланысты сұрақтар.
Билингвистикалық компонент: Күз – осень, еңбек – труд, жапырақ – листья.
Инклюзивті әлеумет: Елдосқа жеке көмек көрсету.

Мотивациялы қозғаушы
Шаттық шеңбер.
Табиғат - біздің анамыз
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз.
Біз әдепті баламыз.
Дидактикалық ойын:
«Жер, су, ауа»

Іздену
Ұйымдастыру
Тәрбиеші балаларға жұмбақтар жасырады.
Аспай піскен, қайнамай түскен?
Ол не?
Бақшада өседі, көп өнімдер береді.
Алтын сары тоны бар,
Қауызында дәні бар.
Жарайсыңдар балалар.
- Көкөністер мен жемістер жылдың қай мезгілінде піседі?
Күзде табиғатта қандай өзгешеліктер болады?
- Күзде сонымен қатар қамбалар неге толады?
- Не себепті біз күзді «Алтын күз» деп атаймыз?

- Дұрыс айтасыңдар.
Қане, балалар жаңа сөздерді қайталайықшы.
Сергіту сәті.
Суретпен жұмыс
(күзгі еңбек)

Көрдіңдер ме қаншама адам еңбекке тер төкті.
Үлкендердің еңбегін бағалауымыз керек.
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей – деген осы.
Қостілділік: Күз – осень, еңбек – труд, жапырақ – листья.

Рефлексивті
Коррекция
Тәрбиеші оқу іс – әрекетін сұрақ – жауап арқылы қорытындылайды.
Балаларды мадақтау қорытынды.

Не білді: Күз мезгілі жайлы білді.
Не алды: Күз мезгілінің ерекшеліктерін түсіне алды.
Не істей алады: Сурет бойынша әңгіме құрастыра алады.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама