Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Алтын күз
Тақырыбы: Алтын Күз
Мақсаты:
1. Алтын Күз сайысына қатысушылардың арасынан Күз ханшайымын және Күз ханшасын анықтау.
2. Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру.
3. Табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Жоспары:
1. Таныстыру
2. Күз сәні. (Күзгі сән үлгілерін көрсету)
3. Қас - қағым сәт.(Күз айларына қатысты сұрақтарға жауап беру)
4. Өз өнерін көрсету.
5. Күз сыйы. (Күзгі көкөністерден, жеміс - жидектерден дайындалған салат, оның жасалу жолы туралы айту)
6. Күз ханзадасы мен ханшайымының биі. (Күрең Күз әнімен)

- Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар!
Бүгін бастауыш әдіс бірлестігінде 2, 3, 4 сыныптар арасында ұйымдастырылып отырған «Алтын Күз» сайысына қош келдіңіздер.
- Уа халайық, халайық
Мұнда назар салайық
Мерекесі халықтың
Алтын Күзге арналған
Кешімізді бастайық - деп кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
- Біздерде ойын - сауық басталады
Тамаша күй тартылып, ән салады.
Қошеметтеп қол соғып отыралық
Ұмытармыз күні бойы шаршағанды.
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз
Жан сұлуы ментән сұлуын тепе - тең ғып
Еріксіз өзімізге қаратамыз - деп сайысқа қатысушыларды ортаға номер суыруға шақырамыз.
- Ендеше Сайысқа қатысушыларды таныстырып өтелік.
№1.
№2.
№3.
№4.
№5.
№6.
№7
№8.

- Сайысымыздың бірінші бөлімінде Алтын Күз сайысына қатысушылардың өзін - өзі таныстыруы.
- 2 бөлімінде
Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен
Әр сұлу әсем болар өз сәнімен
Күз сәні өнерімен ортаға шығып
Сән көрсетер сайыскерлер сәнімен - деп сайыскерлерді «Күзгі сәні» үлгісінде ортаға шақырамыз
3 бөлімінде « Қас - қағым сәп» «Жапырақ теру» ойыны арқылы ұйымдастырылады. Алдарыңыздағы шашылған жапырақшалардағы сұрақтарға жауап беру
4 бөлімінде
Өнер жастан жаныңдар
Шақырған сайыстарға бірі - бірін
Өнерпаздар дарындылар
Көрейік, ән би, күйді көрермендер
Көрсетсін сайыскерлер өнерлерін - деп өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз.
5 бөлімінде
Молшылық Күз - береке Күз
Береке Күз - мерекеміздей келе Күзгі жеміс - жидектерден, көкөністерден дайындалған салаттың жасалу жолдары жөнінде әңгімелеу.
6 бөлімінде Күз ханшасы мен ханшайымының биі. Ортаға сайыскерлер
Қорытынды бөлім. Марапаттаулар

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама