Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Алтын Орда (ХІІІ - ХІVғ. ғ.)
Сабақтың тақырыбы: Алтын Орда (ХІІІ - ХІVғ. ғ.)
Сабақтың мақсаты:
● Алтын Орда мемлекетінің құрылуын, саяси экономикалық даму ерекшеліктерін түсіндіре отырып, Орданың әлсіреу себептерін ашу;
● Алтын Орда мемлекетінің тарихын басқа мемлекеттермен салыстыра отырып, оқушыларды өз бетінше қорытынды жасауға үйрету, ізденіске баулау.
● Оқушыларды өз Отанының тарихына құрметпен қарауға, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдісі: белсенді оқыту әдістері, сызба, кесте құру, ауызша сауалнама, сұрақ - жауап, т. б.
Көрнекілігі: суреттер, «Алтын Орда» картасы, «Алтын Орда» энциклопедиясының иллюстрациялары, сызбалар,
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Тест сұрақтары:
1. XII ғасырдың соңында монғол далаларында билік құрған кімдер?
А) қыпшақ ханы
ә) Хорезмах
б) Қытай боғдыханы
в) Темүжін
2. Монғол - татар шапқыншылығы кезінде Оңтүстік Қазақстан да билік кімнің қолында болды?
а) хорезшах
ә) қыпшақ ханы
б) қытай боғдыханы
в) Арслан хан
3. Шыңғысханның билік құрған жылдарын табыңдар?
а) 1200 - 1227 жж.
ә) 1213 - 1237 жж.
б) 1155 - 1206жж.
в) 1206 - 1227ж. ж.
4. Шыңғысхан әскери Жетісуға қашан барып кірді?
а) 1206ж.
ә) 1208ж.
б) 1219ж.
в) 1213 ж.
1. 1219 жылы Монғол әскерлері қайда аттанды?
а) Қытайға
ә) сібірге
б) Дешті қыпшаққа
в) Мауараннахрға
6. Жетісуды монғолдар қалай бағындырды?
а) бейбіт жолмен
ә) зорлық әдісімен
б) дұрыс жауап жоқ
в) барлық жауабы дұрыс
7. Монғолдар оңтүстік өлкемізді қалай бағындырды?
а) зорлық әдісімен
ә) өз еркімен қосылды
б) дұрыс жауап жоқ
в) барлық жауабы дұрыс
8. Отырар апаты қашан болды?
а) 1219 - 1220жж.
ә) 1218ж.
б) 1216 - 1217жж.
в) 1219ж.
9. Монғолдардың орталық азияны жаулап алуы қай жылы аяқталды?
а) 1224 ж.
ә) 1216ж.
б) 1219ж.
в) 1237ж.
10. Қай ұлысқа Қазақстанның аймақтары кірген жоқ?
а) Үгедей ұлысы
ә) Шағатай ұлысы
б) Төле ұлысы
в) Жошы ұлысы

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1. Алтын Орданың құрылуы..
2. Алтын Орданың қоғамдық құрылысы,
3. Алтын Орданың әлсіреуі.

Бұл тақырыптағы орасан зор аймақты бағындырған монғолдар құрған мемлекеттің атауы, жер аумағы, билеушілері оқушыларды қызықтыратыны сөзсіз. Алдымен «Алтын Орда» атауының шығуын деректерге сүйеніп түсіндіремін.
Жазба деректерде:
«Алтын Орда» атауы XVI ғасырдың аяғында пайда болған - Орыс деректерінде «Алтын Орда деп аталса, Жұңғоның тарихи деректерінде « қыпшақ ордасы деп аталды.
Еуропа саяхатшысы Плано Карпини:
«Алтын Орда» деп монғол Үгедейдің баласы Күйікті ұлы хан етіп хан тағына отырғызған кездегі алтынмен әшекейленген киіз үйді атаған.
«Шыңғыснама шежіресінде»:
Шыңғысхан Батуды Жошының орнына хан етіп сайлағанда босағасын алтынмен аптаған Алтын Ордаға кіргізгендігі айтылады т. б.
Алтын Орда - Жошы ұлысының орнына құрылған алғашқы ірі мемлекет.
Тапсырма: «Алтын Орданың» хандары мен олардың тұсындағы маңызды оқиғалар туралы кестелер құру тапсырмасы:
Батый хан(«Сайын хан» )
- 1227 - 1255 ж. ж. Алтын Орданы билеген.
- 1236 - 1242 ж. ж. батысқа жорық

Берке хан
- 1257 - 1266 ж. ж. саяси, экономикалық жағынан жақсы дамыды. Египет сұлтаны Бейбарыспен достық қатынас.
- ислам дінін қабылдайды.
- тәуелсіз мемлекет б.
- 1266 ж. Кавказға жорықта қаза табады.

Меңгу - Темір
- 1266 - 1280 ж. ж. хан тағына отырады.
- 1271 ж. Византияға жорық жасайды, онымен бейбіт келісімге келеді
- Жерорта теңізі елдерімен сауда байланысын жасайды.
- түркі халықтарымен байланыс нығайды.
- Ноғай сияқты қолбасшылардың беделі көтерілді.

Тохты хан
- 1290 - 1312 ж. ж. елдің саяси беделінің өсуіне зор үлес қосты.
- Иран, Кавказ, Египет елдерімен сауда байланысын жақсартты.

Өзбек хан
- 1312 - 1342 ж. ж. елдің гүлденіп, күшеюі кезі..
- қалалық өмірдің дамуына көңіл бөлді.
- Сарай - Беркеде жаңа ғимараттар мен мешіт салдырып, қаланы көркейтті.
- медресе салдырды, ислам дінінің дамуына үлес қосты.
- Ислам - мемлекеттік дін б.

Қоғамдық құрылымы
--------↓
-------Хан
↓-----------------------------------↓
Әскери билік ----------------- Азаматтық билік
Түменбасы, мыңбасы ------- уәзірлер
Беклер бек ------------------- мәліктер
Басқақтар -------------------- даруғалар

Жазуы - ұйғыр жазуы,
Іс - қағаздар жазушы -«білікшілер»

Алтын Орданың әлсіреу себептерін атап, жазып алу:
- ХІҮ ғ. ІІ жарт. ішкі алауыздық күшейді;
- 1357 - 1380 ж. ж. 20 - дан астам адам хан б.;
- Тақ үшін таласта бірін - бірі өлтірген;
- Мамай хан Куликово даласында орыс әскерінен жеңіледі
- Осыны пайдаланған Жошы ханның ұрпағы Тоқтамыс Алтын Орда билігін өз қолына алады.
- 1382 ж. Мәскеуге басып кіріп, өртеп жібереді.
- Мауереннахр мен кавказ жеріне бірнеше шабуыл жасайды.
- Әмір Темірдің бірнеше рет жорығы салдарынан қатты әлсіреді..
- ХҮ ғ. орт. Бірнеше хандыққа ыдырап кетті.
- ХҮІ ғ. басында құлады.

ІҮ. Сабақтың бекіту:
♦ Алтын Орда қанша уақыт өмір сүрді?
♦ Алтын Орда туралы мәліметтерді қандай деректерден білеміз?
♦ «Орда» ұғымы қандай мағынаны білдіреді?
♦ Мұсылман діні қай хандардың тұсында қабылданды?
♦ Алтын Орданың ыдырауына не себеп болды?

Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма: Тақырып соңындағы сұрақтарға жауа беру. Қосымша әдебиеттерді оқу - «Алтын Орда» Энциклопедиясы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама