Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Алюминий және оның қосылыстары
Сабақтың тақырыбы: Алюминий және оның қосылыстары
Химия 9 сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға алюминий элементі, оның атом құрылысы, табиғатта таралуы, физикалық, химиялық қасиеттері, қолданылуы, алюминий ионын анықтау туралы білім беру.
Дамытушылық: Оқушылардың жеке элемент туралы көзқарасын дамыту, алюминий элементі туралы тарихи деректерге тоқталып, халықтық педагогика элементтерін сабақта пайдалану.
Тәрбиелілік: Білімді, өз елінің ұлтын, халқын, тілін, байлығын сүйетін ұлтжанды, жастарды тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақта қолданылатын құрал - жабдықтар: Периодтық кесте; қымбат, бағалы тастар (суреттер), Al сымды қыздыру(видеоопыт). Алюминий (презентация), Al қолдану (кесте). Интерактивті тақта

Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын тексеру:
I. Ой - қозғау
1. Судың кермектілігі дегеніміз не?
2. Судың кермектілігінің неше түрі бар?
3. Уақытша кермектілік дегеніміз не?
4. Тұрақты кермектілік дегеніміз не?
5. Кермектілікті жою жолдары қандай?

Кестені толтыру
Судың кермектігінің түрлері
Қатысатын иондар
Жою тәсілдері
Катиондар
Аниондар
Уақытша
Тұрақты
Жалпы

ІІ Жаңа сабақ:
1. Сабақтың тақырыбын жұмбақты шешу арқылы білесіңдер.
“Қанатты металл”
Болмасам да айтарлықтай салмағым,
Мен көбіңмен ардақтымын, алдамын,
Ұшақ болып аспанға ұшып қалықтап
Жердің жүзін, көк аспанды шарладым,
Дюралюминий дейтін менің қоспамды,
Әспеттейді химияның достары.
Осыларға төсек, үстел, ыдыс пен,
Бағандардың бұйдаларын қос тағы.
Қағаз да мен қант - шайды сәндеген,
Тоққа балқып, келіп тұрған ән де мен.

Астана қаласы,
71 мектеп - лицейінің химия пәні мұғалімі
Камбарбекова Улбала Камбарбековна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама