Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Амалдарды орындаудың рет - тәртібі. Жақшалар
Математика 2 сынып
Тақырыбы: «Амалдарды орындаудың рет - тәртібі. Жақшалар»
Мақсаты: 1. Жақшалы өрнектердің шығарылу тәртібін пысықтау, жақшалы өрнектер алдымен орындалады ережесін бекіту, топтық, жұптық және жекелеген тапсырмалар орындау;
2. Ойын арқылы оқушылардың жылдам және ауызша есептеу қабілеттерін, ойлау қабілеттерін дамыту, танымдық қызығушылығын арттырып, ой - өрісін кеңейту.
3. Оқушыларға патриоттық және адамгершілік тәрбие беру.
Сабақтың түрі: қайталау сабақ
Сабақтың типі: интеграциялық, ойын сабақ
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану
Көрнекіліктер: таратпа материалдар, Қазақстан қалаларынан көрініс (слайд), ойын тапсырмалар.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Жүрек жылуын беру (жүрекке тілек айтып, сыныптағы ұнаған адамға беру)
Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
(Кенет есік қағылып, біреу сыр сандық тастап кетеді)
- Балалар мына сыр сандық ашылмайды оны қалай ашамыз?
Экранға кітап оқыған оқушының суреті шығады. Оқушылар бұл Қартқожа екенін айтады.
Балалар, Қартқожа сендерге көмекке келіпті, ол сыр сандық тек жұмбақ сөзді тапсақ қана ашылатыны жайлы айтты.
- Балалар кілт сөзді саяхатқа шығып табамыз.(Поездің дыбысы шығады)
Қартқожа бізге поезд дайындап қойыпты. Ендеше орнымызды табайық.

2. Өткенді қайталау
Ауызша есептеу.
- Балалар сендердің алдыларыңда билеттер жатыр, өрнектің мәніне сәйкес вагонға отырыңдар.(Орныңды тап ойыны)
21 - 20
10 - 9
41 - 40
61 - 60
10 - 8
4 - 2
42 - 40
32 - 30
8 - 6
33 - 30
1+2
43 - 40
53 - 50
14 - 10
84 - 80
3+1
74 - 70
(Мұғалім билеттер бойынша оқушылардың дұрыс отырғанын тексеру керек)
Балалар, орнымызға жайғассақ келесі баратын қалаларымыздың қозғалыс бағытын табайық. Қай топ қозғалыс бағытын бірінші табады екен.
(Кім жылдам? ойыны)
Көркем жазу жолы.
- Балалар Ендеше Алматы қаласына жеткенше дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазып, көркем жазу жолын толтырайық.
- Балалар сонымен Алматы қаламызға да жеттік (Экраннан Алматы қаласының әдемі ғимараттары шығады, Кенеттен «Шибұт, Қарынбас, Қылмойын» ертегісінің кейіпкерлері шығады.) Олар кілт сөздің жартысын оңайлықпен бергілері келмейді.
- Балалар ертегіде үшеуі не істемекші болды?(Тоқтыны ұрлап, жемекші болды)
Тапсырмасы: Жайлаудағы тоқтыларды жинап беру.
(Ойын «Тоқтыларды жинау»)
1. 90 мен 50 - дің айырмасына 8 - ді қос.
2. 80мен 30 - дың айырмасына 7 - ні қос.
3. 60 пен 50 – дің айырмасына 40 - ты қос.
4. 70 пен 40 - тың айырмасынан 20 - ны азайт.
5. 50 - ге 90мен 80 - нің айырмасын қос
6. 60 - қа 50мен 30 - дың айырмасын қос.
(Оқушыларға кілт сөздің бірінші бөлігі беріледі)
- Енді келесі қала Түркістан қаласына назар аударайық, бұл көне қалалардың бірі.
(Кенет «Ұр, торпақ» ертегісінің кейіпкерлері шыға келеді)
Құс есектің тапсырмасы:
«Эстафеталық жарыс» Қай топ жылдам, әрі зерек екен?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама