Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Американың қоныстануы және игерілу кезеңдері. Америка елдерін топтастыру
11 сыныбы ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы. Американың қоныстануы және игерілу кезеңдері. Америка елдерін топтастыру.
Сабақтың мақсаты. Оқушыларға құрлықтың зерттелуі, игерілуі туралы түсінік беру, білгізу. Картамен жұмыс жасай отырып іскерлік дағдысын дамыту. Елдер туралы айта отырып, оқушыларды мамандық таңдауға тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі. Карта, саяхатшылар суреттері, кестелер, смайлингтер.
Сабақтың әдіс - тәсілі. Аралас сабақ, сұрақ - жауап, сауалнама, жұптық, жеке, карточкалар.

Сабақтың барысы. Ұйымдастыру.
Үй тапсырмасын тексеру. Қайталау оқу анасы.
Логикалық тест. Еуропа мен Азия арасын бөліп тұрған тау, Азияның ең биік нүктесі қай елде, Синкан су асты жолы бар мемлекет, Ұлыбритания қандай аймақтарға бөлінеді, туристтерді көп қабылдайтын мемлекет, Азиядағы мұнайды экспорттаушы елдер.
Картамен жұмыс. Үстел үстінде мемлекет тулары, олардың артында сұрақ жазылған, олар жауап беру отырып мемлекеттердің туларын картаға орналастыру керек.

Сұрақтарға жауап беріп, картаға мемлекеттің туларын орналастыру.
1. Жер көлемі бойынша дүние жүзінде ең үлкен мемлекет.
2. Еуропадағы химияландырылған мемлекет.
3. Халықтың саны бойынша дүние жүзінде бірінші орындағы мемлекет.
4. Нөлдік меридиан өтетін немесе Биг - Бен сағаты орналасқан мемлекет.
5. Олимпиада ойындарының отаны.
6. Қай мемлекеттің халықаралық мамандануы автомобиль болып есептеледі.
7. Ресей мен Қытай арасындағы климаты шұғыл континенталды мемлекет.

Жаңа сабақ. Оқушы шығармашылығы — Американың зерттелуі, ақпарат жасау.
Оқушы жұптық жұмысы. Картадан құрлықтың ерекше аймақтарын көрсетіп, кескін картаға салу.
Сұрақ - жауап, кескін карта жұмысы.
1. Ең биік сарқырама. 2. Халық саны бойынша дүние жүзінде 3 ші орындағы мемлекет.
3. Мыс өндіретін тау. 4. Мемлекет туында Үйеңке жапырағы бар ел. 5. Ұлы көлдердің ең үлкені.
6. Кордильердің ең биік нүктесі. 7. Суы мол өзен.
Топтастыру стратегиясы арқылы қорыту. Америка --- Дәптермен жұмыс.

Оқулықпен жұмыс. Алгонкиндер, Вигвам, Апачи, Пуэбло, Ольмектер Инктер, «Құдайдың сыйы»немесе Маис, Латифундия, Плантация. Алгонкиндер - аң, балық аулаумен айналысқан үндістер. Вигвам - лашықтары, жеңіл қайықтары. Пуэбло - тайпа. Апачи – тайпа. Ольмек - шаруашылықпен мәдениетке жол салған тайпа. Ацтек, Майя, Инктер — 3 ірі мемлекет - өркениет. Латифундия - кең - байтақ жер. Плантация - егістік жер. Метис - Еуропалық+Үндістер. Мулат - Еуропалық+Негрлер, африкалық. Самбо - Негрлер+Үндістер.

№1жалпы білім беретін орта мектептің
география пәні мұғалімі Уналбаева Назира

Американың қоныстануы және игерілу кезеңдері. Америка елдерін топтастыру жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама