Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Әмірдің қулығы
Әдебиеттік оқу
Сабақ тақырыбы:« «Әмірдің қулығы» А. Хамзеұлы
Сабақтың мақсаты: мәтін мазмұнын меңгерту, автордың ойына өзінше ой қосу арқылы пікір білдіруге мүмкіндік жасау.
Сабақтың міндеті: 1 Мәтіндегі автордың берген ойын, идеясын ашу
2. Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру, сауатты оқуларын жетілдіру. Өз ойын еркін айтуға дағдыландыру.
3. Оқушыларды өтірік айтпауға тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары пікір алысу, кубизм, еркін жазу стратегиясы
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, автор портреті

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
I. Үй тапсырмасын тиянақтап сұрау
II. Қызығушылықты ояту.
- Балалар, сендер өтірік айтып көрдіңдер ме?
Өтірік айту жақсы әдет пе?
Оқушылардың пікірлері тыңдалады.

ІІI. Мағынаны тану
А. Хамзеұлы - педагог, жазушы. Ол балаларға арнап көптеген әңгімелер жазған.
Оқулықпен жұмыс
Мәтінді оқып беремін.
Оқушылар іштей, тізбектей оқиды, жұпта талқылайды.

Сөздікпен жұмыс:
Ізет көрсету - құрмет көрсету.
Мойнына салып беру - өтірігін ашып беру.
Кубизм стратегиясы (топтық жұмыс)
1 - топ Талдау (Әңгімеге мазмұндық жоспар құру)
2 - топ Баяндау.( Әңгіме мазмұнын айту)
3 - топ Сипаттау ( Әмірге мінездеме беру )

Дәптермен жұмыс
Мақалдарды дәптерге көшіріп жазады, мағынасын ашу жұмыстарын жүргіземін.
1. Өтірік сөз жанға қас.
Өткір пышақ қынға қас.
2. Өтірік өрге баспайды.
Шығармашылық тапсырма.
Мақалдарды толықтырып жаз:
1. Есер баладан... бала жаман. ( ерке немесе есті)
2. Жақсы бала – сүйік,
Жаман бала..., (күйік немесе жүйрік)

IV. Ой толғаныс
«Еркін жазу» стратегиясы
Әмірге хат жазу.
VI. Үйге тапсырма: мәтінді оқу, мазмұндау.
VII. Бағалау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама