Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ана шапалағы

Ұлы композитор Құрманғазы демократиялық бағыттағы көзқарасы үшiн ұсталып абақтыға айдалғалы жатқанда анасы Алқа қоштасуға келедi. Аяулы ананы көргенде арыс азаматтың көзiне жас моншақтары iркiлдi.

Жау алдында жасығанына намыстанған ер ана: «ұл тудым деп жүрсем, жасық құл туған екенмін ғой» деп ұлының жағынан шапалақпен тартып-тартып жiбередi.Сондағы Құрманғазының iштей толғанысы:

Жасып тұрған шағымда,
Қайраттандырған.
Сасып тұрған шағымда,
Айбаттандырған –
Сенiң шапалағың,
Қайран шешем!
Көзiме жас iркiлсе – сенi аяғаным-ды,
Аңсағаным еркiндiгiмдi, баяғы әнiмдi.
Туар, – деп, – қару ұстар қашан күнiм.
Жаралады-ау жаныңды осалдығым.
Жаныды жiгерiмдi –
Шарт еткен шапалағың.
Танытты бұл өмiрде –
Кiм болмақ атар оғым.
Жат маған батпақ-елес,
Шарықтар шабытыма ендi ешкiм тоқта демес.
Қайғырма, қайран ана, қанжар ұл жарып шығар,
Қап түбiнде жатпақ емес.
Есейдiм бiр күнде мен,
Құл болман мiңгiрлеген.
Халқымның қамын жейтiн,
Күй болам күмбiрлеген.
От құйып ой-санама,
Жандырып өткен жағымды.
Ұмытпан еш, жан ана,
Шапалағыңды –
Жасып тұрған шағымда,
Қайраттандырған.
Сасып тұрған шағымда,
Айбаттандырған.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама