Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Ана тілі бойынша сабақтың жоспары (2 сынып)
Ана тілі бойынша сабақтың жоспары (2 сынып)
№2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық
Мақсаты: Ы. Алтынсариннің Кел, балалар, оқылық өлеңінің мағынасын түсіндіру. Ой - өрісін, тілін, сөздік қорларын дамыту. Білімге, оқуға, өнерге тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: оқулық, суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ІІ. Мақсат қою кезеңі: сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ
а/ Ы. Алтынсарин туралы түсінік. Ы. Алтынсарин 1841 - 1889 Қостанай облысында туған. Ол – қазақтан шыққан тұңғыш ұстаз. «Қазақ хрестоматиясы» деген оқулық жазды.
ә/ өлеңді мәнерлеп оқу, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке - жеке оқу. б/ Дәптермен жұмыс
сөздік жұмыс жүргізу.
ІҮ. Түсінгендерін тексеру: Ыбырай атамыз қандай өсиет айтты? Өлеңнің бірінші шумағынан не түсіндіңдер? Оқудың пайдасы жөнінде не айтты? Тауып оқу
Ү. Қорыту: Өнер, білім туралы мақал - мәтелдер айту.
ҮІ. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау. Бағалау.

№3. Тақырыбы: Малды пайдаға жарату
Мақсаты: 1. Оқушыларға әңгіменің тақырыбын ашу, талдау жұмыстарын жүргізуге, мазмұнын игеруге, біліктілігін арттыра түсуге көмек беру, жағдай жасау. 2. Ауызша сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіруге ықпал жасау. 3. Ата - ананың қадірін білуге, адамгершілік қасиетке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас.
Көрнекілігі: Ы. Алтынсарин портреті, сызба, өлең жолдары
Әдісі: түсіндіру, әңгіме, сұрақ - жауап.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.
Ы. Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін жатқа сұрау. Білімнің пайдасы туралы не білеміз? «Шоқуменен, тоқуменен, оқуменен» - бәрі де еңбек мәндерін түсіндіріп көр.

ІІІ. Жаңа сабақ: Мұғалімнің түсіндірмесі. «Малды пайдаға жарату» әңгіменің мазмұнын қысқаша баяндау. Ыбырайдың бұл әңгімесі мына өлең жолдары «Ата – енең қартайса,
Тіреу болар бұл оқу» толығырақ түсуіне көмегін тигізеді.

ІҮ. Оқушымен жұмыс жүргізу: Оқушыларға тізбектей дауыстап оқытып шығу. Сөздік жұмысын жүргізу. Мәтін кейіпкерін атау. Оқушылардың түсінігін сұрау.

Ү. Дәптермен жұмыс
Үйші тапқан малын қайда жұмсайды екен?

Төмендегі сызбаға жаз.
Үйшінің қарт әке - шешесіне беретін ақшасы
Үйшінің балаларын оқытып, асырауға кететін қаражаты

ҮІ. Қорыту
Сен ата - анаңның еңбегін қалай ақтар едің?
Әңгімені басқаша қалай атауға болады?
ҮІІ. Үйге тапсырма: 5 - 6 бет оқу, мазмұнын айту. Бағалау.

Мектеп - біздің анамыз. Ыстық қой, шіркін, туған жер жүктеу
А. Байтұрсунов. Мен қалай оқуға бардым? Екі балық. Ата насихаты. жүктеу
Күн шыққанда жүктеу
Оқулық жүктеу
Кітап оқу жүктеу
Зеректік жүктеу
Ақылшым мұғалім жүктеу
Абай Құнанбаев «Күз». Ұнатамын күзді мен жүктеу
Бидай мен қаңбақ /мысал / А.Тоқмағанбетов жүктеу
Мазмұндама. Аралардың достығы жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама