Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Ана тілім - арым бұл ...
Сынып: 7. /Тіл мерекесіне арналған сабақ/

Сабақтың тақырыбы: Ана тілім - арым бұл...
Сабақтың мақсаты:
1. тілдің адам өмірінде алатын орны туралы, оның мәртебесі туралы оқушыға түсіндіре отырып, жаңа сабақ туралы білімділіктерін қалыптастыру.
2. ой - өрістерін, ойлау белсенділіктерін арттыру, өз пікірлерін нақты айта білуге төселдіру
3. қазақ тілін құрметтей білуге баулу

Түрі: Жаңа білімді игеру сабақ
Әдісі: түсіндіру, талдау, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: интерактивті тақта, аудиожазба /10 - сынып/
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
/оқушыларға сұрақтар қою/

- Ана тіліміз - қазақ тілі туралы, оның ерекшеліктері туралы сұрақтар қою.

- Халық бар жерде тіл бар. Тіл бар жерде өнер бар. Өнер бар жерде жанкүйер бар. Әр халықтың ана тілі - оның бақыты, оның қуанышы.
- Туған тілін мақтан ету, оны таза сақтау, оның өрлеп, өсе түсуіне еңбек сіңіру - әрбір қазақ отбасының жүрегі.
- Халықтың қуаты - тілдің қуаты. Біз ана тілімізді ең айтқыш, ең білгір ең бай тілдердің біріне айналдыруымыз керек.

Жаңа сабақ бойынша оқушылармен жұмыстар жүргізу:

1. Қазақ тілі пәніне арналған аудиожазбадан қазақ тілі, оның тарихы, оның мәртебесі, қоғамда
алатын өзіндік орны туралы тыңдау.
/Өлеңді талдау. Бүгінгі сабақпен байланыстылығы.

2. Алдын - ала оқушыларды екі топқа бөлу.
- Берілген тапсырмалар бойынша Тіл туралы баяндау.
/Пікірсайыс./
3. Қазақ зиялыларының тіл туралы даналық сөздеріне тоқталу.
Оқу, талдау.

Тақтамен жұмыс
Қанатты сөздерге синтаксистік, морфологиялық талдау.

1. Тіл жүректің айтқанына көнсе – жалған шықпайды./Абай./
2. Білімді жұрттардың тілі бай болады. /Х. Досмұхамедұлы./
3. Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады. /А. Байтұрсынұлы./
4. Тіл – қай халықтың болсын басты белгісі. /Ш. Уалиханов./

Үлестірмелі парақшамен жұмыс.
/Жекелеген оқушыларға тапсырмалар беру./

Тақтадан тіл туралы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзін оқу.
Түсінік беру. Морфологиялық талдау.
/Біздің мақсатымыз – мемлекеттік тілді Қазақстанның барлық азаматтарының меңгеруіне қол жеткізу./

7 - сыныпқа арналған электронды оқулықпен жұмыс жүргізу.
«Ана тілі» тақырыбы бойынша мәтінмен жұмыс жүргізу, сұрақтарға
жауап беру, талдаулар жасау.

Интерактивті тақтамен жұмыс./Таблицадағы тапсырмаларды орындау./

Бес тармақты өлең стратегиясы.
1. Зат есім. Тіл.
2. Сын есім. Өткір, шешен.
3. Етістік. Сөйлейді, айтады, жүйелейді.
4. Сөйлем. Туған тілім - өз тілім.
5. Синоним. Сөз.

Сабақты бекіту. /Екі топтың оқушыларына тіл туралы мақал - мәтелден
сайыс өткізу./

Қорытынды сөз: - Тілдің ертеңі үшін алаңдайтын, тілдің мәртебесін көтеретін - біздер. Қазақстанның болашағы – жастар бай да құнарлы тілімізді көркейту үшін бар күш - қайратымызды жұмсауымыз керек. Ана тілі – ата - бабамыздың бүгінгі ұрпаққа қалдырған аманаты.

Үйге тапсырма. «Өз тіліңді құрметте»тақырыбына шығарма
жазып келу.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама