Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Ана тілінен қысқа мерзімді сабақтың презентациялары
Сабақ тақырыптары:
1. Дақылдар әні
2. Егіншілік дәстүрі
3. Комбайншы
4. Қазан

Ана тілінен қысқа мерзімді сабақтың презентациясы
Тақырыбы: Дақылдар әні
Психологиялық дайындық
Мен саған сенемін
Әуен ойнап тұрады. Жұп құрып, бір - бірінің көздеріне қарап отырады. «Мен саған сенемін …» өйткені сен жақсы адамсың.

Топқа бөліну
Топтық ереже
1. Сабақтан қалмау, кешікпеу.
2. Тәртіпті сақтау.
3 Уақытты үнемдеу.
4. Бір - бірінің пікірін тыңдау.
5. Сабаққа белсенді араласу.
6. Өз ой - пікірін еркін айту.

Стикердегі диалог
Мақсаты: Маңызды тақырыпқа ашық пікірталас жүргізу арқылы визуалды, кинестетикалық және тыңдау аспектілерін дамытудағы тиімді әдіс.
Ұйымдастыру: Әр оқушыға стикерлер, жүріп - тұруға арналған орын қажет.
Жаттығудың сипаттамасы: а) 3/4/5 адамнан тұратын топтар стикердегі сұрақтарға жауап береді немесе ол жөніндегі өз ойларымен бөлісіп, талқылап, стикерге өз ойларын жазады, кейін пікірлерін қорғайды.

Стоп - кадр
Мақсаты: Талқылауды демеуге арналған.
Сипаттамасы: Оқушыға тақырып, хикаяның стоп - кадрын жасау тапсырылады. Стоп - кадрдың сыныпқа беймәлім бас - аяғы болады. Топтар суретте не болып жатқанын талқылау үшін өз стоп - кадрларын сыныпқа көрсетеді.
Дақылдар әні
Әдібай Табылдиев 1926 жылы қазіргі Жамбыл обылысы, Луговой ауданында туған. Бұл кісі 24 жылдай мұғалім болған. Ол қазіргі кезде сатиралық әңгімелері мен өлең - пьесаларының жинақтары жарық көрді. Оның «Бірінші май» (1941), «Көңілді балалар», «Күлкінің кесірі», «Күздің кереметі», «Жылдардың біл қасиетін», «Наурыз тойы», «Алғыс» атты шығармалары мен өлеңдері бар.

Оқулықпен жұмыс.
Ақын әр дақылдың қасиетін қалай сипаттайды?
Сенің ауылыңда осы дақылдардың қайсысы көбірек өседі?
Оларды күтіп өсіруге сенің қолғабысың қандай?

Дәнді дақылдар қай жерлерде өседі?
Бидай — Оңтүстік Қазақстанда Алматы, Тараз қалаларында өседі.
Арпа – Қазақстанның Солтүстігінде және Шығысында өседі.
Тары – Батыс Қазақстанда Ақтөбе қаласында өседі.
Сұлы – Солтүстік Қазақстанда және Оңтүстікте суы мол жақсы жерде өседі.
Күріш – Іле, Шу, Сырдария өзенінің бойында өседі.
Сергіту сәті

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама