Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Ана тілінен тест жұмысы (1 сынып)
Бірінші сынып оқушыларына арналған ана тілінен құрастырылған тест

1. Көп затты білдіретін сөзді тап
а) кітап ә) балалар б) киім
2. Кім? сұрағына жауап беретін сөзді тап
а) мұғалім ә) парта б) киім
3. Кімдер? сұрағына жауап беретін сөзді тап
а) дәптерлер ә) әншілер б) күйлер
4. Не? сұрағына жауап беретін сөзді тап
а) оқулық ә) бала б) көрші
5. Нелер? Сұрағына жауап беретін сөзі тап
а) ойыншықтар ә) аталар б) әжелер
6. Кісінің аты - жөнін білдіретін сөзді тап
а) Асылхан ә) мектеп б) жер
7. Жер - су аттарын білдіретін сөзді тап
а) Астана ә) қала б) ауыл
8. Үй жануарларының аттарын білдіретін сөзді тап
а) Құлагер ә) түйе б) сиыр
9. Кісінің аты - жөнін білдіретін сөзді тап
а) Абай Құнанбаев ә) көпір б) сағат
10. Жер - су аттарын білдіретін сөзді тап
а) Алатау ә) жайлау б) өзен
11. Заттың қимылын білдіретін сөзді тап
а) компьютер ә) оқыды б) жиырма
12. Заттың қимылын білдіретін сөздер қандай сұрақтарға жауап береді?
а) кім? кімдер? не? нелер?
ә) қандай? қай?
б) не істеді? неғылды? қайтті?
13. Не істеді? Сұрағына жауап беретін сөзді тап
а) жазды ә) жеті б) жұмсақ
14. Қимылды білдіретін сөзді тап
а) жаттады ә) ауа б) қатты
15. Сөйлемді аяқта, тиісті сөзді тауып белгіле
Сәуле гүлге су …
а) алды ә) берді б) құйды
16. Сөйлемді аяқта, тиісті сөзді тап
Оқушылар сабаққа …
а) ойнады ә) жүрді б) дайындалды
17. Заттың атын білдіретін сөзді тап
а) дүкен ә) жасыл б) сексен бес
18. Заттың қимылын білдіретін сөзді тап
а) секірді ә) машина б) сары
19. Дұрыс құрастырылған сөйлемді тап
А. Малға, Үсен, берді, шөп Ә. Үсен малға шөп берді Б. Үсен, шөп, малға, берді
20. Кішкентай торғайлар ұшып жүр. Нелер? сұрағына жауап беретін сөзді тап
А. Кішкентай Ә. торғайлар Б. ұшып В. жүр

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама