Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Ана - тіршілік бақыты
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт - Шевченко қаласы,
"Балбөбек" балабақшасының І санатты ересектер тобының тәрбиешісі
Шукирбаева Гулжан Аманкосовна

Мақсаты: Балаларға көктем туралы, 8 наурыз мерекесі туралы түсінік беру, отбасындағы ананың орнын, анаға деген құрметті ұғындыру, ана мен баланың арасындағы байланысты барлық жанрлар бойынша көрсету. Отбасына, туыстарына деген мейірімділік, қамқорлық құндылықтырына тәрбиелеу, достыққа, ұйымшылдыққа баулу.
Жүргізуші:
Жарқын жүзді жан анам
Сендей болсын бар адам!
Сендей болса бар адам,
Шаттық кетпес баладан.
Сендей болса бар кісі
Шексіз перзент алғысы.
- Құрметті, қадірлі аналар, мерекелеріңіз құтты болсын! Сәбилеріңіз сіздерге тек қуаныш пен шаттық сыйласын! Бүгінгі мерекелік ертеңгілікті сәбилеріңіз «Мама»биімен бастамақшы. Қабыл алыңыздар, құрметті де аяулы аналар.
Би: «Мама».
Ал енді, «Балдәрен»тобының балалары ару қыздарымызды орындарына отырғызады.
Тобымыздың ең ақылды аруы: Камила.
Тобымыздың ең сүйкімді аруы: Анел.
Тобымыздың ең білімді аруы: Нұрай.
Тобымыздың ең әдемі аруы: Жанеркем.
Тобымыздың ерке қызы: Алфира.
Тобымыздың әнші қызы: Аружан.
Тобымыздың ең сымбатты аруы: Элина.
Тобымыздың ең биші қызы: Кәусар.
Тобымыздың ең батыл қызы: Перизат.
Тобымыздың сыпайы аруы: Фатима.
Тобымыздың суретші аруы: Назым.
Тобымыздың сабырлы аруы: Дана.
Тобымыздың биші аруылары: Аяужан мен Албина.
Тобымыздың салмақты аруы: Әсемай.
Ән: «Балдырғандар әні».
Жанеркем:
Ана деген өмірдегі ұлы есім
Бақ тілесе анадай - ақ тілесін
Ана деген ардақты ат сен оны
Ана жайлы ән тыңдасақ білесің.
Назым:
Бізді өсіріп баптаған
Жақсы болсақ шаттанған
Алтыным деп мақтанам
Айналайын ақ мамам
Ақ жүректе сақтаған
Жарқын жүзің бақ маған
Ақ бетіңнен сүйемін
Келші, келші ақ мамам
Бекжан:
Мерекесі бүгін
Алтын анамның
Сыйлайыншы гүлін
Жарқын даламның
Күлімдеген көзі
Күннің нұрындай
Ұлым деген сөзі
ақын жырындай.
Фатима:
Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам
Қасымда жүрсең биікпін
Алыстасаң сағынам
Анаң болса қасыңда
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.
Көрініс: «Өз анаңнан артық жан жоқ»
Жүргізуші:
Ертеде ме, бүгін бе
Болыпты бір оқиға
Өте қызық өзі де
Салайын оны ортаға.
Балалар: Айтыңызшы, қазір айтыңыз.
Жүргізуші:
Мұнда бірақ бір ой бар
Сендерге болсын бұл сабақ
Өкпе арту жарамас
Ешкімге ол жараспас.
(Көрініс басталады. Әкесі орындықта газет оқып отыр, әжесі қасында демалып жатыр, анасы кір жуып, баласы мен қызы ойнап отырады. Осы кезде анасының телефоны шырылдайды.)
Анасы: (телефонды алып)
Сәлем, жаным Алтынай,
Халің қалай, қалқам - ай,
Үйге келіп кетесің бе,
Кешке дейін жетесің бе?
Балалар:(қолдарында кітап)
Ойнаудан біз жалықтық
Ертегі оқып бересіз бе?
Анасы:Тынышымды алмашы,
Әкелеріңе барсаңшы.
Әңгімесін әрі қарай жалғастырып:
Көйлек алдым дейсің бе,
Әдемі ме, кидің бе?
Балалар: Әке, бізге қарашы, доп ойнашы бізбенен, киноға бізді апаршы.
Әкесі: Бүгін қолым бос емес, футболға кетіп барамын. Мүмкін ертең бос болсам, сендермен бірге ойнармын. Ал серуендеу туралы, әпкелерің Жайнаға айта салсаң болғаны.
Балалар: Жайна әпке, бүгін сен, сурет салып берерсің.
Жайна: Қазір міне бауырым, институтқа керек баруым. Кешке таныс жігітпен, киноға бірге барамын. Уақытым жоқ бір минут.
Балалар: Өзіміз қалдық, не істейміз?
Жүргізуші: Байыз тауып бір орында, отырғысы келмейді. Қыдыртпады еш біреуі, әкесі мен анасы, әпкесі мен әжесі. Аяңдаршы бұларды, сурет салып беріңіздер, кітап оқып көріңіздер.
(балаларға қарап былай дейді)
- Үйде ешкім жоқ болса, не істеу керек мұндайда?
Балалар: Ойланумен отырмыз, не істеу керек білмейміз.
Жүргізуші: Менде қызық бір ой бар, мүмкін сендерге жаңадан, басқа ана іздерміз.
Балалар: Жаңа ана іздеуге, біз дайынбыз қазірден, ойнасыншы бізбенен.
Жүргізуші:
Біздің таныс қос бала
Іздеп келсін жас ана
Осы уақытты пайдаланып
Ән айтайық жайқала.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама