Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ана – тіршіліктің гүлі
Ана – тіршіліктің гүлі
Әр адам жарық дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол – Ана. Балапанын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жан ұшыра шырылдайтында – Ана. Ана деген сөзге лүпіл қақпайтын жүрек, мөлдіремейтін жанар жоқ. Біз – қазақ деген ұлы халықтың ұрпағымыз. Қыз Жібек пен Баян Сұлудың, Мәншүк пен Әлияның сіңлілеріміз. Ана жайлы ойыңды айтып тауыса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды былай жеткізгім келеді:
Жарқын жүзді жан анам,
Сендей болсын бар адам.
Сендей болса бар адам,
Шаттық кетпес баладан.

Келіп жеткен көктем айында бар табиғат жаңарып, адамдар өзгеше бір күй кешеді. Көктемнің алғашқы наурыз айы – мереке айы болып есептелгендіктен, наурыз айының алғашқы күндері – жер бетінде жалпы әйел заты қуанышқа бөленеді. Себебі: 8 – наурыз Халықаралық әйелдер күні яғни аналар мейрамы күлімдеп, жайнап келеді. Ана – тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. «Ат - биеден, алып – анадан туады» дейді халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ.

Ана шынында да өмір гүлі, күннің нұры екен. Әрбір Ана сәбиінің дені сау болып, жақсы азамат болуын қалайды. Түн ұйқысын төрт бөліп оянатын Ананың сенімін ақтау қажет. Қорыта айтқанда, барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау қажет. Себебі ең бақытты адам – анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман болсын. Құрметті Аналар, апалар, қыздар мен сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. «Көктемнің шуақты күндеріндей жарқырап жүріңіздер»,- дей отырып, зор денсаулық пен қуаныш та тілеймін. Мерекелеріңіз құтты болсын!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама