Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Анаға құрмет!
Тақырыбы: «Анаға құрмет!» (8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған сайыстық бағдарлама)

Мақсаты:
Тәрбиелік: Оқушылардың рухани адамгершілік, тұлғалық қабілеттерін дамыту, қыз балаларды сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Жас жеткіншектердің мәдени – бос уақытын тиімді пайдалануға белсендіру.
Білімділік: Оқушыларды дүниедегі жақсылық атауларының бәрі күннің
нұрынан, ананың мейірімінен таралатынын ұғындыру.

Бастапқы сөз: мұғалім сөзі
Топқа бөліну: суреттерді құрастыру арқылы топқа бөлінеді.

1 Жүргізуші Нәби:
Әкелетін отбасына береке ең,
Әз аналар арамызда көп екен.
Жыл құсындай көктем сайын оралар,
Құтты болсын нұрға толы мерекең!

2 Жүргізуші Мөлдір: Бүгін осы залда біз көктемнің ерекше мейрамы қыздар мен аналар мейрамын атап өтуге жиналып отырмыз. Бір сөзбен айтқанда халықаралық әйелдер күні 8 наурыз мейрамымен құттықтаймыз!
1 Жүргізуші Нәби: Құрметті аса қадірлі ұстаздар, қыз - қызғалдақтар. Қар астынан қылтиып бәйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысындай болып Аналар мерекесі келеді.

2 Жүргізуші Мөлдір: Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан қардың астынан бүршік жарады. Біздің ару қыздарымыз соншалықты нәзіктілігіне қарамастан барлық қиындық атаулыға төзімді.

1 Жүргізуші Нәби:
- Аналар және арулар! көктемгі күйден жарқырап, гүлдей құлпырған мерекелеріңіз – күн мерекелеріңіз құтты болсын!

2 Жүргізуші Нәби. Ал, енді бұл мейрамның шығу тарихына тоқталайық.
Алғашқы әйелдер күні Германияда, Австрияда, Данияда және Швейцарияда 1911 жылы 19 - наурыз күні шерулер ұйымдастыру арқылы аталып өтті.
Келесі жылы 12 - мамырға ауыстырылды. Ал 1913 жылы Германиялық әйелдер 12 - наурыз күні шеруге шықты. Дәл осы жылдың 2 - наурызында Ресей мен Францияда, 9 - наурыз күні Австрияда, Чехияда, Венгрияда, Швейцарияда және Голландияда әйелдердің шерулері ұйымдастырылды.

1Жүргізуші Нәби:
1921 жылы Кеңес одағында Коммунистік әйелдердің екінші конференциясының шешімімен 8 - наурыз Халықаралық әйелдер күні деп жарияланды.
1965 жылғы 8 - наурыздан бастап Халықаралық әйелдер күні Халықаралық әйелдер мерекесі және демалыс күн болып жарияланды.

2 Жүргізуші Мөлдір: Сонымен, бүгін біз осы залда «Тапқыр болсаң тауып көр» атты сайысымызды өткізуге жиналып отырмыз.

1Жүргізуші Нәби: Ендеше сынып сағатымызды Әлидің тақпағымен бастайық.
Әли:
Ана десем, алғыс алам халқымнан,
Ана десем, теңіз болам шалқыған
Ана десем, ашылады қабағым
Ана десем, әділдікті ұғамын

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама