Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 апта бұрын)
Андалусия әмәуи мемлекеті

Андалусия әмәуи мемлекеті (756-1031) – Андалусияда (оңт Испанияда) билік құрған әмәуи мемлекеті. Әмәуилер мемлекеті құлағаннан кейін Әд-Дахил (Мухажир) лақабымен танымал Абдуррахман бин Мұауия 755 ж. әскерлерімен Андулусия жеріндегі ӘлМунаққаб портына келіп тоқтайды. Андалус әміршісі Юсуф әл-Фихримен болған соғыста жеңіп 756 ж. Кордобаға барып өзінің әмірлігін жариялайды. Бұл хабарды естіген әмәуи жақтастары бұл өлкеге келіп қоныстанып оның күшті мемлекет құруына көмекші болады.

Әмәуилер Ислам дінін Испания арқылы Европаға енгізді. Фас (Марокко), Кордоба және Гранада университетін құрып батысты ғылыммен нұрландырды. Христиан әлемінің оянып бүгінгі дамуының негізін салуына себепші болды. Барлық мемлекеттерден адамдар білім алу үшін Кордобаға ағылып келіп жатты. Кордобада үлкен медицина факултеті құрылды. Бұл Европада алғаш құрылған медицина факултеті саналады. Европа корольдері, мемлекет қызметкерлері емделу үшін Кордобаға келіп мәдениеттілігін, көркем мінездігін, қонақжайлығын көріп таңданысын жасыра алмайтын. Алты жүз мың кітабы бар кітапханасы болды. Теңдесі болмаған, нәзік шеберлікпен салынған сарайлары, мешіттері, бақшалары көз тартатын. Андалусияда Ибн Араби әл-Андалуси, Нұреддин Батружи, Әбу Абдуллах бин Мұхаммед Қуртуби т.б. секілді ғалымдар жетілді.

Андалусияның соңғы дәуірінде халқы Исламның әмірлерінен алыстап, тіпті әһли сүннет сенімінен айрылғаны үшін Пирен тауларынан ары аса алмады. Тақ таластарымен ел ішіндегі бүліктер нәтижесінде 1031 ж. ел бірнеше әмірліктерге бөлініп кетті. Христиан мемлекеттеріне бұл әмірліктерді жаулау қиынға соқпады. Бұлардың ішінен Бәни Ахмар мемлекеті ғана 1492 ж. дейін өмір сүрді.

Андалусия әмәуилерінің салдырған Кордоба мешіті

Әл-Андалуси картасы, 1000 ж.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама