Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Анықталған интеграл. Ньютон - Лейбниц формуласы
Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыда терең білім мен іскерліктің болуын талап етеді. Сондықтан оқушылардың теориялық білімін практикада қолдана білу мен білім - білік дағдыларын қалыптастырудың маңызы зор. Демек сапалы, тиімді, нәтижелі өткен сабақ ұстаздың тынымсыз еңбегінің айғағы. Төменде, оқушылардың теориялық білімдерін күнделікті сабақта қолдана білу мақсатында өткен сабағымның жоспарын ұсынып отырмын.
Сабақтың тақырыбы: Анықталған интеграл. Ньютон - Лейбниц формуласы
Мақсаты: 1. Оқушыларға анықталған интеграл ұғымын кеңінен түсіндіріп, оны есептеу үшін қолданылатын Ньютон - Лейбниц формуласын пайдаланып, деңгейлік тапсырмалар орындай отырып, жаңа білімді меңгерту.
2. Анықталған интегралды есептеу дағдыларын қалыптастырып, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Топпен жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, іскерлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, дидактикалық материалдар, деңгейлік тапсырмалар, тест тапсырмалары.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. «Қайталау – оқу анасы»(үй тапсырмасын сұрау)
3. «Ой қозғау»(жаңа тақырып түсіндіру)
4. «Ой толғаныс»(жаңа тақырыпты бекіту)
5. «Білгенге маржан»(қатемен жұмыс)
6. «Ой түйіні»(тест тапсырма)

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа даярлығын, құрал - жабдықтарының болуын қадағалау.
2. Үй тапсырмасын сұрау. Өткен сабаққа шолу.
а) Сұрақ - жауап:
1) Алғашқы функцияның анықтамасын айтыңыз
2) Алғашқы функцияның негізгі қасиетін тұжырымда
3) Алғашқы функцияны табудың үш ережесін тұжырымда:
4) Қисық сызықты трапеция анықтамасын айтыңыз
5) Қисық сызықты трапеция ауданын қалай табамыз?
ә) Кестені толтыр:

Атырау облысы,
Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы
Математика пәнінің мұғалімі Ы. Әбілғазы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама