Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Апта күндері. Атауы
Арнаулы түзеу мектептерінің 4 сыныптарына арналған

Математика 4 - сынып
Тақырыбы: Апта күндері. Саны.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Апта күндерінің атауын еске сақтау, уақыт өлшемі, жыл мезгілдері туралы түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушылық: 7 саны туралы өткенді қайталай отырып, жеті санына қатысты ұлттық ұғымдарды ұғындыру.
Түзету: Тіл дамыту, ойындар арқылы ой - өрістерін кеңейту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: бірін - бірі тыңдауға, мақал, санамақ жаттау арқылы ана тілін сүюге үйрету.
Әдісі: Кіріктірілген сабақ: айналамен таныстыру, тіл дамыту, музыка.
Көрнекілік: күнтізбе, дидактикалық материалдар, суреттер, кеспе сандар.

Сабақтың барысы:
1. Психологиялық әзірлік (Ұйымдастыру кезеңі.)
Балаларға моншақты көрсетіп, әдемілігін, бір жіпке тізілгендігін айта отырып, оқушылардың да бір жіпке тізілген моншақтай, сабақ үстінде дұрыс, әдемі отырып жауап беруге дайындау.

2. Өткен сабақты пысықтау.
1 - ден 10 – ға дейін тура және кері санау.
Санамақ айту.
10 - нан 100 – ге дейін ондықтармен санау.

3. Жаңа сабақ
1) кіріспе бөлім «Ой қозғау» стратегиясы.
- Балалар, бір жылда неше мезгіл болады?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем. Суретін көрсету
- Көктем айларын кім айтады?
- Көктемнен кейін қай мезгіл келеді?
- Жаз айларын кім айтады? /сурет/
- Жаздан кейін қай мезгіл келеді?
Күз айларын кім атап шығады? /сурет/
- Күзден кейін қай қай жыл мезгілі келеді?
- Қыс айларын кім айтады? /сурет/
Тақтадағы тірек сызбаға назар аударайық.
Жыл
Маусым
Ай
Апта
Күн
- Олай болса біздің бүгінгі жаңа тақырыбымыз « Аптадағы жеті күн»
Балалар бір аптада жеті күн болады. Апта деген парсының «жеті» деген сөзінен шыққан.
Күн атауларын санамалап айтайық. Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
Мынау күнтізбе деп аталады. Ай атауы жазылады. Бір айда 4 апта болады.
Сол айдағы апта күндері рет - ретімен жазылады.
Біздер әр күнді үлкен үмітпен қарсы алып, бала дүйсенбі туса, сол күннің құрметіне Дүйсенбай, Дүйсен, Дүйсенбек деп есімін атаған, сейсенбі күні туса Сейсенбек деп атаған т. с.с.

Суретпен жұмыс: «Топтастыру стратегиясы»
Қазақ халқы үшін 7 қасиетті сан болғандықтан: 7 күн апта, 7 шелпек, 7 қазына, 7 ата, 7 дәм наурыз көже, 7 тәулік. Ең киелі, қасиетті заттарын жеті санының маңына топтастырып отырған.
7 ата. Бірнеше оқушыдан 7 атаны сұрау.

Сергіту сәті.
ән «Бүгін қай күн?»
Кітаппен жұмыс.
№2. Сұраққа жауап.
Үлестірме карта
Көршісін тап.
Ретімен орналастыр. Сәрсенбі, бейсенбі т. б. тағы басқа күн аттары беріледі.
Суреттермен жұмыс.
Бір аптада неше күн бар?
Қазына дегеніміз не? 7 қазынаға тоқталып, суреттерін тақтаға орналастыру.
Дәптермен жұмыс.
Қорытынды.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама