Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Ақ боран
Сабақтың тақырыбы: Ақ боран.
Сабақтың мақсаты: 1. Мәтінге талдау жүргізе отырып, автордың негізгі ойын анықтау.
2. Мәтінді түсініп оқып, мазмұндай білуге үйрету. Шығармашылық қабілетін дамыту. Сөздік қорын молайту.
3. Әңгіме желесіне орай оқушыларды ұғымтал, еңбекқор болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, топтық жұмыс.
Сабақтың жабдығы: Оқулық, дәптер, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
А. Оқушыларды түгелдеу.
Ә. Сабаққа назар аудару.
Б. Қызығушылығын ояту.
II Үй тапсырмасын тексеру.
А. Аппақ қыс. Өлеңді жатқа сұрау. 2 - 3 оқушы.
Ә. Қыс туралы жазған әңгімелерін оқыту. 4 - 5 оқушы.
IIIЖаңа сабақ.
Жұмбақ шешу.
Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ, жетеді.
Аузы жоқ ұлиды. Бұл не?
Боран.
- Ендеше, оқушылар бүгін біздер Жекен Жұмахановтың Ақ боран мәтінімен танысамыз.
Интерактивті тақтаға Жекен Жұмахановтың суретін көрсету.
А. Жекен Жұмаханов өмірі мен шығармашылығы жайлы түсінік беру.
Жекен Жұмаханов 5 желтоқсан 1913 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында туған. Семейдегі педагогикалық техникумді бітірген.
1941 - 1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан. Кеңес Одағының Батырлары Әлия мен Мәншүкті көзімен көріп тілдескен. Олар жайында очерктер жазған.

Ә. Мәтін бойынша түсіндіру, мазмұндау.
Б. Мәтінді кезектесіп оқыту.
В. Түсінбеген сөздермен жұмыс.
Сөздік жұмысы.
Екілене - желдің екпіндей соғуы.
Бүлкек - аттың желіп жүруі.
Интерактивті тақтада 3 топқа тапсырма жазылған.
1 топ. Қыстың суретін беретін тұстарды тауып оқы, әңгімеле.
2 топ. Жазушының боранға адамның қимылын бере суреттеген жолдарды тауып оқы, әңгімеле.
3 топ. Қасымның ішкі ойын беретін жолдарды тауып оқы, әңгімеле.
Әр топ берілген тапсырма бойынша өз ара талдап, 3 оқушы оқиды.

Сергіту сәті.
Секіреміз топ - топ
Шапалақтап көп - көп,
Иілеміз оңға қарай 1, 2, 3
Иілеміз солға қарай 1, 2, 3
Топтық жұмыс.
1 топ. Қыс туралы 5 жолды өлең.
1. Қыс.
2. Боранды, аязды.
3. Тоңдырады, үсіреді, бүрсеңдетеді.
4. Аққала жасап бала мәз.
5. Қар.
2 топ. Қыс қызығы тақырыбында сурет салу.
3 топ. Қыс туралы мақал - мәтел.
Қыс азығын жаз жина.
Қыста арбаңды сайла,
Жазда шанаңды сайла.
Ақ қар көп болса -
Ақ нан көп.

Ауа - райы туралы халық болжамдары.
Жылқы оқыранып жусаса, боран соғады.
Жылқы жазда ыққа қарап жусаса, қыс қатты болады.
Жылқы ішін тартса, ауа райы бұзылады.
Қой қораға еркін кірсе, қыс жайлы болады.

IV Жаңа сабақты қорытындылау.
1Әңгімеде жылдың қай мезгілінде болған оқиға айтылады?
2 Қасым қайда оқиды?
3 Ол нені есіне алады?
4. Қасымның боранда адаспауына не себеп болды деп ойлайсың?
5. Өзің Қасымның орнында болсаң не істер едің?
V Үйге тапсырма беру.
Мәтінді түсініп оқу.
VIБағалау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама