Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Ақ қыс
Сабақтың тақырыбы: Ақ қыс
Әдебиеттік оқу.
Сабақтың мақсаты: а\ Мәтін мазмұнымен таныста отырып, мәтіндегі негізгі идеяны ашу, жүйелі сөйлеуге үйрету.
ә\ Оқушыны ізденуге жетелеу. Жауапкершілікті сезінетін өнерлі тұлғаны тәрбиелеу.
б\ Мәтін бойынша танымдылық тапсырмалар беру арқылы өз ойларын тұжырымдап жеке, топта жұмыс жасауға, өз ойын еркін, қысылмай айтуға дағдыландыру.
Пән аралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі.
Әдісі: сұрақ - жауап, сөздік.
Түрі: аралас
Көрнекілігі: жұмбақтар, мақал - мәтелде, күз көрінісі.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
Сабаққа назарларын аудару.

ІІ. Өткен сабақты қайталау.
1. Өтілген тарау бойынша тақырыптарды қайталау.
2. Өздеріне ұнаған өлеңнен үзінді оқу.
3. Сөздіктердің мағынасын түсіндіру.
Сергіту сәті.«Кім шапшаң» ойыны.
«У» дыбысының сөз басында келетініне сөздер айту. Мысалы: уық, уақыт, Уылдырық, уайым, уақ, уыз.

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Қызығушылығын ояту.
Ой қозғау.
Жұмбақтар шешу.
Жайған жастық сөгілді,
Аппақ мамық төгілді.
2. Қыс мезгілі бейнеленген сурет бойынша әңгімелеу.
3. Т. Айбергенов туралы айту.
4. Мәтінмен жұмыс.
- Өлеңді мәнерлеп оқу.
- Ақын қыс көрінісін қалай суреттеген?
- Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады

5. Мақалдың мағынасын түсіндіру.
Сергіту сәттері.«Есте сақтауын дамыту»
Орнымыздан тұрайық
Алақанды соғайық
Бір отырып, бір тұрып
Біз тынығып алайық

IV. Сабақты бекіту.
Сөз тіркесінен сөйлем құра.
қыс: суық, аязды, боранды

V. Үйге тапсырма.
1. Өлеңді түсініп оқу.
2. Қыс мезгілінің суретін салу.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама