Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Ақын ініге
Шоқтығына ер батқан, қайқаңдаған,
Мен - бір бәйек жорғамын байпаңдаған...
Күлесің-ау,
Күлесің... Сайтан-бала,
Сен айт менің ойымды, айта алмаған.
Ұмтыла бер ұрынбай құзат-жарға.
Мен сүрінгеи сөреден ұзап бар да,
Уат, мейлің, жанымды сызат шалғай,
Бірақ менің жырыма тұзақ салма!
Жырым менің - жалғызым, жан дауысым.
Жан дауысым!
Жоқтаған ар-намысын.
Ар-намысы тапталып қалмау үшін,
Арпалысып, әлсіреп қалғаны шын...
Ақын болсаң, алмас бол тайпалмаған!
Сен айт менің ойымды, айта алмаған.
Қарапайым жырымның дәнін ал да,
Қауызын,
Сайтан-бала,
Қайтар маған.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама