Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ақпараттық калейдоскоп
«Ақпараттық калейдоскоп» ойын - сабағы
Сабақтың мақсаты:
• оқушыларды негізгі информатика ұғымдарымен таныстырып, жинақтаған білімдерін қорытындылау;
• оқушылардың логикалық ойлауын, салыстыру, жүйелеу, зейінін қалыптастыруды, басты ойын қисынды жеткізе білуін, есте сақтауын дамыту;
• оқушылардың топта жұмыс істей білуге, қарсыласын сыйлай білуге, тапқырлыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
ДК, интерактивті тақта, командалардың эмблемасы, презентациялар, жетондар, карточкалар
Ойын ережесі:
Ойынға оқушылардан тұратын екі команда қатысады, олар өз командаларын таныстырып, эмблемаларын қорғайды. Әр конкурс жеңімпазын әділқазылар анықтайды
Өту барысы:
I. Командалардың өздерін таныстыруы (8а сыныбы «Процессор», 8б сыныбы «ПЕНТИУМ» командалары)
II. «Синонимдер» табу ойыны
III. «Зиянды кеңестер айту» ойыны
IV. Хакерлер сайысы
V. «Бәрі керісінше» ойыны
VI. «Қатарды жалғастыр» ойыны
VII. «Адасқан әріптер» ойыны
VIII. «Ауыстырмақ» ойыны
IX. «Мақтау қошемет айту» ойыны
Әрбір ұтқан конкурстың артынан команда жетон алып отырады, көп жетон жинаған команда жеңіске жетеді

Жүргізуші:
Сәлем бердік, құрметті ұстаздар, әділ – қазылар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып «Ақпараттық калейдоскоп» атты ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын толқын жатқанда асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де жеңілсе де қалма жасып.

Алдымен ойынға қатысушы талантты да дарынды оқушыларымызды қошеметпен ортаға шақырайық. Әр сыныптан 6 оқушыдан қатысады Әділетпен кеңес құра біліңдер – дей отырып сайысымыздың 1 - ші кезеңі Командалар өздерін таныстырып эмблемаларын қорғайды.
2. « Синонимдер» табу ойыны
Жүргізуші кезекпен 8 сөз оқиды. Әрбір сөзге синонимдер тауып айту керек, бірінші болып синонимді дұрыс айтқан команда 1 жетон алады. Көбірек жетон жинаған команда ұтысқа
жетеді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама