Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданудың маңыздылығы мен қажеттілігі
АКТ коучинг жоспар
Тақырыбы: Ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданудың маңыздылығы мен қажеттілігі.
Модуль: Білім саласындағы жаңа қадам:
1.«Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану»
Стратегия: Презентациялар, «Алты қалпақ» тәсілі, «Жылқылар» жаттығуы, «Балмұздақ» әдісі, «Миға шабуыл» стратегиясы, Инсерт стратегиясы, «Эссе» стратегиясы, концептуалды карта жасау, «Идеялар мен проблемалар себеті» стратегиясы, «Өрмекші» стратегиясы, бейнебаяндар, үш түрлі стакандар т. с. с.
Мақсаты: АКТ - ды күнделікті сабаққа қолданудың маңыздылығын, осы құралдар көмегімен балалар әлемін танып біліп, балалардың ойымен ойлай алу қабілетіне ие болуға, олардың ғаламтордағы тіршілігінен хабардар бола білуге және мұғалім жұмысын автоматтандыру үшін арналған тиімді тәсілдерін білдіру, қажеттілігін мойындату.
Оқу нәтижесі: Мұғалімдер оқушыларды оқытуда АКТ - ды қолданудың маңыздылығы мен қажеттілігіне көз жеткізеді. ХХІ ғасыр мұғалімдеріне қойылатын негізгі талаптардың бірі екендігін біліп, өз тараптарынан АКТ - ды игеруге бағытталған стратегиялық жоспарларын айқындап алады.
Ресурстар: Интерактивті тақта, маркер, қалам, әр түрлі пәндерден алынған қысқа мерзімді жоспарлар, себеттер, топтардың аттары, сабақтардағы АКТ көмегімен қолданылған әдіс - тәсілдер фрагменттері.

Ұйымдастыру бөлімі 3 - минут
Шабдалы шырынын ішіп отырып, жаңа технологиялар жетістіктері туралы «3D басып шығарғыштары» бейнебаянды көрсету
«Жылқылар» жаттығуы 2 - минут
Коуч әр түрлі жылқылардың суретін таратып, оған өз аттары мен өзінің ең жақсы қасиеттерін жазуды өтінеді. Ол суретті қасындағы әріптесімен ауысып, әріптесі туралы толықтырып жазуын сұрайды. Сосын суретті иесіне қайтаруды ұсынады.
Коучтың кіріспе сөзі. 5 - минут
«Коуч», «Коучинг сессия» ұғымымен таныстыру.
Тақырыптың өзектілігі мен қажеттілігін дәйектеу. АКТ деген не екенін білдіру.

Ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданудың маңыздылығы мен қажеттілігі жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама