Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Аққала. Мәди Қайыңбаев
1. Сабақтың аты: Аққала. Мәди Қайыңбаев
2. Сілтеме: Электронды оқулық. Әліппе \әдіст. нұсқаулық\ АКТ
3. Жалпы мақсаты: «Нені дамыту керек?» деген сұраққа жауап іздей отырып, баланың сезім түйсігін, қабылдауы мен ынтасын, зейінін, есте сақтауын, ұғыну, ойлау, қиялдау, болжау қабілеттерін ашу.
Мерсердің БЖӘ арқылы балалардың тіл байлықтарын, сөздік қорын молайту. СТО стратегиясы бойынша ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Жауапкершілік жүктей отырып, өзін – өзі дамытатын жеке тұлға қалыптастыру. Оқушыларды ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
4. Оқыту нәтижесі: Пәндік нәтиже: қыс туралы түсініктерін кеңейту.
Уақыт, жаратылыс, табиғат туралы ұғымдарының кеңеюіне мүмкіндік жасау.
Жүйелік іс - әрекет нәтижесі: мәнерлеп оқу дағдыларын, көркем сөзбен сөйлеу тілін, дүниетанымдарын кеңейту арқылы өз беттерімен ізденуге үйрету.
5. Негізгі идеялар: Мерсердің пікір - алмасу және диалог арқылы іске асыруын түсіндіру. Оқушылар үшін топтық жұмыстың мәнін ашу, қарым - қатынас, пікір - алмасу
6. Тапсырма көздері: Оқулықпен жұмыс, қол өнер, сурет салу.
7. Мақсаты: Өлең мазмұнын өмірмен байланыстыра отырып түсінуге жағдай жасау.
8. Сабақ бойынша жазбалар:

Сабақтың тақырыбы: Аққала. Мәди Қайыңбаев
Әдебиеттік оқу 2 сынып
Оқулық: ана тілі \Алматы кітап 2013\ Электронды оқулық
Жабдықтар: АКТ, Үлестірмелі қағаздар, интернет мәліметтері және автор суреттері.
Сабақтың барысы:

9 Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушыларды түгелдеу, сәлемдесу.
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару.
- Оқушыларды топқа бөлу.\қима қағаздарды құрастыру арқылы\
- Үй тапсырмасын қорытындылау.
Мерсер БЖӘ:
Бастапқы: Шана әңгімесінің авторы?
Жауап:
Кейінгі әрекет:
Мерсер БЖӘ:
Бастапқы: Жәнібектің сөзіне әкесі неге сасқалақтап қалды?
Жауап:
Кейінгі әрекет:

10. Қызығушылықты ояту. Ойнайық біз аққала,
Домалатып ақ қарды.
Ойнайық біз топтана,
Салып ғажап бақтарды
- Қане, балалар суретке зер салып қарайықшы?
- Балалар не жасап жатыр?
- Аққаланы неден жасап жатыр?
- Аққаланы тағы нелерден жасауға болады?
- Қайсысы шын мәніндегі аққала?

11. Мағынаны тану.
- Өлеңді мазмұнына қарай мәнерлеп оқу.
- Әр топ мүшелері кезектесіп, мәнерлеп оқу.

12. Сергіту сәті Асық ойнаған азар,
Доп ойнаған озар.
Бәрінен де қой бағып,
Қозы өсірген озар.
13. Ой толғау. - Өлеңнің күлдіргі жолдарын тауып оқы.
- Аққала жасаудың әдістерін білесіңдер ме?
- Оны жасайтын қар қандай болу керек?
\мамық қар, қасат қар, қырбақ қар\
- Өлең арқылы нені көз алдына елестетесің?
- Қане, қай топ осы өлеңге ән сазын ойлап табады екен?
- Дәптермен жұмыс жүргізу.
- Әр топ өздері қалаған заттарымен аққала жасау тапсырмасын орындайды.
Суретпен жұмыс:
- Әр топ алдына түрлі суреттер беріледі.
- Тапсырма: суретке қарап әңгіме құрастыру.
- Әңгімеге ат қою.
14. Қорытынды Инцерт стратегиясы:
- Сабақты қалай қабылдадың?
- Білемін - білдім – білгім келеді.
15. Үйге тапсырма Аққала өлеңін мәнерлеп, оқып келу. Сурет салу.
16. Бағалау Балалар сендер бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Әр топты формативті түрде \стикер арқылы\ бағалаймын.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама