Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Аққулар
Марат Абдраманхан (7 - сынып оқушысы)

Аққулар.
Аққулар қатар жүзген көл бетінде,
Қарасаң көз тояр ма, келбетіне.
Аппақ тән, сұлу қанат, ұзын мойын
Әсемдік символы ғой жер бетінде.
Ағайын бері келші назарың сап,
Аққудан айтайын мен аз насихат.
Жалғыз қалса егерде іш құса боп
Өледі екен ол дағы адам құсап.
Осы ғой тектіліктің ең кемелі,
Адамға ақыл - кеңес ең керегі.
Батыстан үйренгенше жын - жыбылыс
Аққудан үйренсекші бірдемені.
Аққу құсап аппақ боп жүрейікші,
Шынайы, өтіріксіз күлейікші.
Жаманнан жиренуді және біліп
Жақсыдан үйренуді білейікші.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама