Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Ақсақ құлан, Жошы хан
Сыныбы: 5
Қазақ әдебиеті
Тақырыбы: “Ақсақ құлан, Жошы хан»
Мақсаты:
 А) Аңыз әңгімені оқыта отырып, сөйлеу тілін дамыту, сұрақ қойып жауап бере білуге үйрету;
 Ә) Ауызекі сөйлеуге, мәтінді дұрыс оқып түсінуге, сөздік қорын молайтуға, практикалық жұмысты бере отырып, тілдерін дамытуға пайдалану;
 Б) Әңгіме арқылы ұлы адамдар өмірін өнеге ете отырып, адам бойындағы жақсы қасиеттерді, ақылдылығы мен тапқырлықты дамыту.
Түрі: Аралас сабақ.
Типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Әдісі: Ой қозғау, эссе, топтастыру.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, парақтар.
Пәнаралық байланыс: тарих, тіл, экология.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру.
А) амандасу;
Ә) тексеру;
Б) назарларын сабаққа аудару.

Сабақ бөлімдері:
 І Қызығушылықты ояту
 ІІ Мағынаны тану
 ІІІ Толғаныс
 IV Үй тапсырмасы
Қызығушылықты ояту:
1. Ой шақыру.
 Ауыз әдебиеті дегеніміз не?
 Қандай түрлері бар?
 Аңыз әңгімелер дегеніміз не?
 Қандай аңыздарды білесіз?
 Асан қайғы деген кім?
 “Жерұйық” дегеніміз не?
 Асан қайғы не себепті жерұйық іздеді?
 “Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған
 Мағынаны тану.
 Жаңа сабақ тақырыбы:
 “Ақсақ құлан, Жошы хан” аңыз әңгімесі.

"Аңыз әңгіме" дегеніміз не? (Топтастыру.)
Мағынаны тану.
Жаңа сабақ тақырыбы:
“Ақсақ құлан, Жошы хан” аңыз әңгімесі.

Топтық тапсырмалар:
І топқа: Әңгіменің жоспарын құру.
ІІ топқа: Әңгіме кейіпкерлерін тауып, сипаттау.
ІІІ топқа: Мәтіннен мағынасы түсініксіз сөздерді табу.
(Барлық тапсырмалар көпшілік алдында қорғалады.)

Ой қозғау
Баласының өлімін әкесіне қалай естіртер едіңдер? (Проблемалық сұрақ)
“Әңгімедегі бақытсыз жан”
тақырыбында 5 минуттық эссе жазу.
Толғаныс сәті:
-Балалар, біз:
-Нені үйрендік?
-Неге үйрендік?
-Қалай үйрендік?
Үй тапсырмасы:
 Оқып түсінгенін айту және әңгіме желісі бойынша сурет салып келу.
Бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама