Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ақсақалдың өсиеті

— Айналаңдағы тіршілікті жан-жүрегіңмен көруді үйрен, көз көргеннің бәріне қуана біл — шөпке, ағашқа, құсқа, жануарға, жерге, көкке. Оларға мейірімді көзбен, сезімтал жүрекпен қара — сонда кітапта жазылмаған білімді көресің. Сен олардан өзіңді көресің — жуасыған әрі жаңарған өзіңді.

— Судың жағасында отыруға мұрсат бөл. Су шаршағаныңды басады, ойыңды тазартады.

— Шөлдемесең де сәті түскен жердің бәрінен таза су ішуді әдет қыл. Су бәріне ем.

— Дастарқаныңда күнделікті көкөніс болатын болсын. Күннің жылуымен піскен көкөніс өте пайдалы. Бірінші орында — қызылша, жер бетінде оған жететін көкөніс жоқ. Сосын — бадана (фасоль), асқабақ, жидектер, сәбіз, қызанақ, бұрыш, саумалдық, салат, алма, жүзім, алхоры.

— Бір уыстан, бірақ жиі-жиі жеген жақсы. Аз тамақ ішу үшін суды көп ішем. Компот ішіп, дақыл тамақты көп жеймін. Шикі көкөністі жеймін. Бейсенбінің кешінен бастап жұманың кешіне дейін ауыз бекітемін. Тек су ішем.

— Ораза — барып тұрған қазына. Ораза ұстағаннан артық ештеңе де мені жасартып, жеңілдетпейді. Сүйектерім жеп-жеңіл, құстікіндей болады. Жүрегім жас жігіттікіндей жалындап тұрады. Ораза ұстаған сайын бірнеше жасқа жасарамын.

— Таңның атуы мен күннің батуы — сен үшін. Жұмыс тек таң атқанда қызады. Соған дағдылансаң, тәнің де, рухың да мықты болады. Кеш батқанда ми тезірек тынығып, ұйқыда тазарады.

— Ашық аспан астында көбірек жүруге тырыс. Салқын үйде тұрып үйрен. Аяқ-қолың жылы болса болғаны. Ал, басың — салқын ауада тез тынығады. Жылы үйден тәнің тез қартаяды. Уссурия ормандарында қарт қытай бар еді. Ол ылғи мақталы шалбар киетін, бірақ үйіне от жақпайтын.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама