Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Ақша. Теңге
Математика 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ақша. Теңге
Осы сабақта негізделген оқу мақсаты (Оқу бағдарламасына сілтеме)
1. 4. 2. 2** сәйкестік пен ақиқаттықты анықтауға берілген қарапайым логикалық есептерді шығару
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Ақша қажетті заттарды сатып алуға болатынын біледі.
Көптеген оқушылар: Монеталардың құны әртүрлі болатынын біледі.
Кейбір оқушылар: Монеталарды қолданып мысалдар шығара алады.
Бағалау критерийлері: Монеталарды таниды.
Тілдік мақсат Ақша, теңге, монета
Құндылықтарды дарыту: Топ ішінде жұмыс жасауда топ ережесіне бағына білуге үйрету.
Пәнаралық байланыстар: Дүниетану: уақыт ұғымы
АКТ қолдану дағдылары: Слайдтар
Бастапқы білім Ақша, теңге туралы біледі.

Сабақтың басы
Топқа бөлу: Монеталарды таңдау арқылы топқа бөлу
Қызығушылықты ояту: (Ұжымдық)
«Қазыналы сөмке» ойыны» МАН (84 - бет)
Бағалау: мадақтау.

1 - тапсырма (Ұжымдық)
Суретпен жұмыс
Суреттегі адамдардың әрекеті туралы әңгімеле.
- Олар қайда тұр?
- Олар не алды?
- Олар сатушыға не берді?
- Сатушы оларға не берді?
Қорытынды: Ақшаға қажетті заттарды сатып алуға болады.
заттарды сатып алу үшін металдан жасалған монетаны да қолданамыз.
Бағалау: қол шапаттау.
2 - тапсырма: (Топтық)
Топтарға монеталар тарату. Оларды салыстыру.
Құны ең төменгі монетаны тап.
Құны ең жоғары монетаны тап.
Қатар тұрған монеталарды салыстыру.
Не байқағанын әңгімелеу.
Бағалау: смайликтер

3 - тапсырма: (Жұптық)
Шығарып көр:
Сурет бойынша мысалдар құрастыр. Оларды шығар.
Бағалау: жұлдызша
4 - тапсырма: (Жеке)
Дәптермен жұмыс:
2 теңгенің жартысын қандай теңге құрайды? (1 теңге)
10 теңгенің жартысы 5 теңге
20 теңгенің жастысы - 10 теңге
Жұмыс дәптерімен жұмыс:
1. Монеталарды тап.
2. Монеталар
3. Берілген заңдылықты сақтап, монеталарды орналастыр.
Ақша. Теңге жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама