Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Ақтауда болған жарылыс жайлы сараптамалық мақала

Ақтауда 7 қараша, жексенбі күні кешке екі қабатты кафеде жарылыс болып, ғимарат толығымен қирады. Абырой болғанда зардап шеккен жандар жоқ.

"Жарылысқа байланысты ауруханаларға әлі ешкім жүгінген жоқ", — деді жергілікті билік жексенбі күні кешке таратқан мәлімдемесінде. Жексенбі күні кешке төтенше жағдай орнында ондаған құтқарушылар мен арнайы техника жұмыс істеді. "Жарылыстың себебі мен бұзылу аумағы анықталуда",-деп түсіндірді жергілікті баспасөз қызметі.

Жол бойындағы кешендегі жарылыс сәті бейнебақылау камераларында тіркелді.

Департамент басшысы орынбасарының айтуынша, жарылыс орнында зардап шеккендер табылған жоқ. Бұған дейін ол "Шерқала" сауда кешенінің иесі қызметкерлердің жарылыс болған ғимараттан жергілікті уақыт бойынша 20:00-ге дейін (Мәскеу уақытымен 18:00) кеткеніне сендірді.

Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай жарылыс болған жерде кинологтар жұмыс істеп жатқанын, әзірге зардап шеккендердің ешқайсысы медициналық көмекке жүгінбегенін атап өтті, деп хабарлайды жергілікті портал informburo.kz. құтқарушылардың айтуынша, жарылыс салдарынан кафенің жанында орналасқан 11 көлік зардап шеккен. Порталдың мәліметінше, екі қабатты "Шерқала" кешенінде "Аянат" дәмханасынан басқа тігін фабрикасы, қойма және техникалық қызмет көрсету станциясы болған.

Жарылыс, жергілікті тұрғындардың айтуынша, 7 қараша күні кешке сағат 21:20-да (Мәскеу уақытымен 19:20) болған. Кәсіпкерлердің айтуы бойынша, өрт сөндірушілер үйінділер астынан тағы көгілдір отын толы екі баллонды іздеп жатыр.

Абай Әміреев, жеке кәсіпкер: – Бала-шағамды алып шығып кеткенмін. Сағат 19.30 шамасында. Өзім жауып құлыптап кеткенмін. Қасымда токарь бар, электрик бар. Арғы жағымда тағы электриктер, асхана бар. Оларды енді мен білмеймін. Жауап бере алмаймын.-дейді. 

Айта кетейік бұндай жағдайлар еліміздің біраз өңірінде орын алған. Себеп көгілдір отынды дұрыс пайдаланбау деп түйдік.

Дереккөздер: 24.kz сайты,informburo.kz,  tengri.news.

Ақерке Бисенғали


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама