Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Әріптер сыры
Сабақ тақырыбы: Әріптер сыры

Сабақтың мақсаты: Балалардың жыл бойына алған білімдерінің сапасына көз жеткізу. Ана тіліндегі өткен дыбыстарды қайталау. Сөзді буынға бөліп және тұтас оқуға жаттықтыру. Балалардың байланыстырып сөйлеу қабілетін арттыру. Сөзге дыбыстық талдау жасауға, ой - өрісінің дамуына, шығармашылықпен өз бетінше жұмыс істеуге ықпал ету. Балаларды зейінділікке тәрбиелеу, тез ойлау қабілетін дамыту.
Көрнекілігі: үлестірмелі құралдар, тапсырмалар
Әдіс - тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ - жауап, ойын.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру
- Балалар, біз бүгінгі сабағымызда жыл бойы сауат ашудан үйренгенімізді қайталап, мектепке дайынбыз ба соны көрсетуіміз керек. Ол үшін мен сендерге тапсырмалар дайындап әкелдім. Осы тапсырмаларды орындасаңдар, тақтадағы жазулы құпия сөздің шешуін табасыңдар.
– Балалар, мен сендерге әріптерді қайталау үшін «Дыбыстар болған екен» деген ертегіні айтып беремін. Баяғыда бір үйшікте көп дыбыстар өмір сүріпті. Ол үйшік кәдімгі аузымыздың іші. Үйдің төбесі бар. Еден төменгі таңдай, Есік еріндер. Есік бекем болу үшін сүйек шарбақтар да бар. Бәрі жақсы болар еді, бірақ үйдің ішінде ашулы айдаһар кіріп кейбір дыбыстар емін - еркін өтіп кетеді және олар қызыл киім киіп алыпты. Ал басқа дыбыстардың жолына кедергі жасапты. Есікті жауып алады немесе қоршауды қойып қояды. Олар емін еркін шыға алмайды сондықтан көк көйлек киіпті.
- Мен не жайлы айтып тұрмын?
- Дыбыстар, сөз, сөйлем жайлы

1 - тапсырма. «Адасқан әріптерді қандай дыбыс екенін тап». Өздерің білетін Дымбілмес бір күні орманға серуенге барады. Орманға жақын қалған кезде, бір жағымсыз дауыстар естиді. Дымбілмес дауыс шыққан жаққа жақындап келсе, қызыл, көк көйлек киген әріптер өз үйлерін таба алмай жүр екен. Әріптер Дымбілместен көмек сұрайды. Дымбілмес білмейтінін айтып, білетін балалардан сұрап келейін деп кетіп қалады.
- Олай болса, біз әріптерді өз үйлеріне жеткізіп салайық. Балалар тапсырманы орындайды. Сұрақтар қойылады.
- Дыбыс дегеніміз не?
- Дыбыстар неше топқа бөлінеді?
Балалар тапсырманы орындады. 1 - ші әріп ашылады
Балалар дауысты дыбыспен дауыссыз дыбыс біріккен уақытта қысылмай ауыздан емін - еркін шыға келеді. Енді байқап көрейікші.
Ма, ша, ла ра пи ре ме ке ға
- Балалар біз екі дыбыстан не құрап айттық?
- буын.
- буын дегеніміз не?
- сөзді бөліктерге бөліп айту.

2 - тапсырма. Буындарды оқы және олардан сөз құрастыр.
- Буынға байланысты «Жарқыра күн» деген ойын ойнағым келіп отыр. Көздерімізді жұмамыз. Ашқан кезде күннің суреті.
- Қараңдаршы күннің бетінде және сәулелерінде буындар жазылған. Осы буындардан сөз құрастырайық.
Балалар тапсырманы орындады. 2 - ші әріп ашылады.

3 - тапсырма Сөзге дыбыстық талдау жаса.
- Балалар алдарыңдағы тапсырмада заттық суреттер бар. Сендер сол заттың аты қай әріптен басталып тұрғанын тауып жазғанда сөз шығады және қандай дыбыс екенін дыбыстық текшемен белгілейсіңдер.
5, 6 баладан жазған сөзді оқыту, сұрау.
- Сөзде неше дыбыс бар?
- Қандай дыбыстар?
- Сөз неден тұрады?
Д/о «Сөздердің бас әріптерін жазып сөздерді оқы» тақтаға орындату.
Тапсырманы орындады 3 - ші әріп ашылады.

4 - тапсырма: « Сөйлем құрастыр»
Балалар сөзден не құрап айтамыз?
- Сөйлем дегеніміз не?
- Олай болса, «Кім шапшаң сөйлем құрайды?» деген ойын ойнаймыз. Балаларға жеке - жеке карточкалар таратып беріп, сөйлем құратып, оқыту.
Тапсырма орындалды. 4 - ші әріп ашылады.

Сергіту сәті:
А деген - ана ғой,
Ана деген - дана ғой.
Б деген бала ғой,
Жұмсаса анаң бара ғой.
Бала, бала баламыз,
Бақшамызға барамыз.
Күні бойы қызыққа
Батамызда қаламыз.
- Өте жақсы жарайсыңдар, ойынды жалғастырайық

5 - тапсырма: РЕБУСТЫ ШЕШ
- Мына ребусты шешкенде халық туралы нақыл сөз шығады.
Балалар ребусты шешеді 5 – ші әріп ашылады.

6 - тапсырма: ТҮСІП ҚАЛҒАН ӘРІПТІ ТАП
Балалар үлестірмелі карточка бойынша сөзді оқып, түсіп қалған әріпті табады.
6 - шы әріп ашылады.

7 - тапсырма: СӨЗЖҰМБАҚТЫ ШЕШ
Тапсырма орындалды. 7 - ші әріпті ашады.

8 - тапсырма: Тақпақты сурет арқылы оқы
- Балалар көктемде төрт түлік малдар төлдейді, құстар жұмыртқалап балапан шығарады. Көктемде жаңа бір өмір басталады.
- Кәне бәріміз мына суретке қарап, өлең жолдарын оқып көрейік.
Балалар оқып, тапсырманы орындады. 8 - ші әріп ашылады.
Тақтада құпия «АТАМЕКЕН» сөз ашылады. Міне, балалар атамекен деген сөздің мағынасы Отан, туған жер деген мағынаны білдіреді.
Ал, енді балалар осы атамекен сөзіндегі әрбір әріптің де өз айтары бар екен. Кәне кім оқып береді. Бірнеше балаға оқыту.
Сабаққа бәрің де жақсы қатыстыңдар, көп рахмет!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама