Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Әріптестік қарым - қатынас тренинг
Тақырыбы: Әріптестік қарым - қатынас тренинг
Мақсаты: Жеке тұлғаға өзіндік «Менін» тереңірек таныту, қызығушылығын ояту, өзінің адамгершілік мінез - құлықтарына баға беру, өзіне деген сенімдік қабілетін дамыту, нығайту.

Көрнекілігі: түрлі - түсті қағаздар, қалам, фломастер музыка.
Жоспары: 1. Кіріспе
2. Шаттық шеңбер: Сәлемдесу (дәстүрлі емес)
2. 1. «Бұл мен.....» тренинг
1. Кіріспе: Психолог: Құрметті ұстаздар! Мектебіміздің қоғамдық өмірінде де алатын орны, атқаратын ролі өз мәніндегі ұстаз мамандардың ауызбіршілігін тудыру, көппен жұмыс істей білудің маңыздылығын, ерекшелігін тағы да айқындай түсу. Бүгінгі мақсат, айналамыздағы адамдарымызбен қарым – қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді – өзіміз танимыз ба? деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау. Сіздерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастаймыз. Сәлемдесу (дәстүрлі емес)
Мақсаты: Әрбір қатысушы бүгінгі семинардың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір - біріне жылулық сыйлау.
Семинарға қатысушы мұғалімдер сыртқы және ішкі шеңберге бөлініп, бір - біріне қарама - қарсы тұрады. Содан кейін музыканың ырғағымен бір - бірімен мынадай қимыл - қозғалыстар арқылы сәлемдесіп шығады: (алақанның сырт жағымен, саусақпен, шынтақпен, иықпен, тіземен, т. б.)
ІІ. «Бұл мен...»
Мақсаты: қатысушылардың өздері туралы айтуына, жақынырақ танысуға көмектесу.
Әрбір қатысушы 5мин ішінде өзін мінездейтін 5сөз жазып, теңеу ойлап тауып, оны қағазға (жұлдызша бейджекке ) жазып, оны кеудесіне тағып қояды. Біршама уақыт бойы қатысушылар әрі - бері сапырылысып, бір - бірінің мінездемесін оқуға кіріседі. Барлық жазулар оқылған соң, барлығы дөңгелене отырады. Сосын пікірталас басталады: әрбіреуіндегі нендей нәрсе ерекше есте қалды, таңқалдырған нәрсе бар ма?, күлкілі нәрсе ше? т. б

СІЗ ЖАЛҚАУСЫЗ БА? (ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕСТ)
1. Таңертең оятқыш шырылдаған кезде сіз …
А) Орнымнан бірден тұрып, жаңа өмір бастауға кірісемін
Ә) Әрең тұрамын
Б) Мәссаған, ол қашан шырылдады? Мен мүлдем естімедім ғой …

2. Төмендегілердің ішінде қай жәндікті көбірек ұнатасыз?
А) Құмырсқа – күнімен, түнімен еңбек етеді
Ә) Мысық – тышқанды аулап болған соң өзіне тиесілі ұйқысын ұйықтайды
Б) Суыр – көктем келгенше ешқандай жұмысы жоқ

3. Ыдысты қаншалықты жиі жуасыз?
А) Күніне бірнеше РЕТ жуамын
Ә) Бірнеше күнде бір РЕТ қана
Б) Ыдыс жуғанды ұнатпаймын

4. Үйдегі ең сүйікті орныңыз қай жер?
А) Компьютерім тұратын жұмыс үстелі
Ә) Керемет хош иісті гельдері бар жуынатын бөлме
Б) Үлкен төсегі бар жатын бөлме

Түрген қазақ орта мектебінің
педагог - психолог Искакова. З. Б.
Әріптестік қарым - қатынас тренинг жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама