Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 11 сағат бұрын)
Арыстан-балық

Арыстан-балық - шаян балықтар тобының өкілі. Теңізде  тіршілік  ететін улы  балықтардың  түрі. Бұл балықтар ине  секілді  18 арқа қанаты арқылы  уын шығарып , жауларынан  қорғанады. Дене тұрқы 30 см-ге  дейін өседі. Желпуіш  тәрізді  қанаттарынан қандай да  бір  қауіп төнгенде  жарық шығарады. Осы арқылы балық, креветка, таңқышаян, моллюскі секілді жемтіктерін  де аулайды.

Арыстан-балықтар әркез мамықты бүйір қанаттарын созып, ұсақ балықтардың үйірін тар жерге қамап, оңай жұта салады. Әлемнің кей жерлерінде арыстан-балықтарды асқа пайдаланады, бірақ  көбіне  адамдар оларды аквариумда өсіргенді ұнатады. Тынық, Үнді мұхиттарында тіршілік етеді.

Арыстан-балықты аквариумда ұстау үшін оның жанына ірі балықтарды жіберу керек. Өйткені ұсақ балықтарды ол жеп қояды.


Арыстан-балықтар шаққаннан  кейін, адамдардың тынысы тарылып, денесі тырысып, сал болып қалады. Кей жағдайда өлімге әкелуі мүмкін. Дегенмен адамдардың  көпшілігі  қатты  ауырғанымен аман қалады. Арқа қанаттарындағы улы инесі адам денесіне кірген жағдайда, мұқият емделген жөн. Емделу бірнеше айға созылуы мүмкін, егер дер кезінде ем қабылдамаса, шаққан жері гангренаға ұласады.

Арыстан-балықтар күн батардан 3 сағат бұрын жемтігін аулауға шығады. 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама