Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Арыстан мен тышқан
Ана тілі (4 сынып)

Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров «Арыстан мен тышқан»
Сабақтың мақсаты:
А) Оқушыларды жаңа тақырыппен таныстырып, білімдерін молайту
Ә) Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Б) Оқушыларды ақылды, тапқыр болуға, бірін – бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты таныстыру.
Сабақтың әдіс – тәсілі: Топтастыру, венн диаграммасы, әңгіме кестесі, 5 жол өлең, көрнекі, сұрақ – жауап, баяндау.
Сабақтың көрнекілігі: Мультимедия, арыстан, тышқан бас киімдері

Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
А) оқушылармен амандасу;
Ә) оқу – құралын шығару;
Б) сынып тазалығын тексеру;

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Сәкен Жүнісов “Түнгі сәуле”
Жоспар бойынша үй тапсырмасын сұрау:
1. Күздің қара суық желі
2. Түнгі сәуле
3. Қуаныш

ІІІ: Үй тапсырмасын қорытындылау
 1. Әңгімедегі балалардың есімдері кім?
 2. Олардың әкесі Жапар неге сонша абыржып, әбігерленіп жүр?
 3. Олар кімге, қандай көмек беруге асықты?
 4. Оқиға қалай аяқталды?
 5. Балалар үйіне оралған соң әке-шешесі не дейді деп ойлайсың?
 6. Машина жүргізушісі балаларға ризашылығын қалайша білдірді деп ойлайсыңдар?

ІV. Жаңа тақырыпты таныстыру:
 Сұлтанмахмұт Торайғыров
 “Арыстан мен тышқан”
 Мысал
Жұмбақ жасыру
Ой қозғау:
 Арыстан

 Тышқан

Мысал - айтылатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, көлемді шығарма. Мысалдың тақырыбы сан алуан, кейіпкерлері аң, құс, балық, өсімдік, кейде оқиғаға адам да қатыстырылады.

 Шығарманы көрініс арқылы оқушыларға таныстыру.
 Оқушылар осы көріністен не түсіндіңдер?
 Рөлге бөліп оқыту:
 Сөздік жұмыс:
 Зиян – залал, зақым
 Азат – еркін, өз еркі өзінде, ерікті
Арыстан мен тышқанға мінездеме берейік.
Венн диаграммасы

 5 жол өлең құрастыру:
 1 сөз зат есім
 2 сөз сын есім
 3 сөз етістік
 4 сөз зат есімге байланысты айтылған сөз
 1 сөз зат есімге синоним

 Арыстан
 Жыртқыш, мақтаншақ
 Оратылды, ақырды, ызаланды
 Байғұс тышқанды өлтірмекші болған
 Аң

 Тышқан
 Тапқыр, ақылды
 Ойнады, жалынды, құтқарды
 Торды қиып, тістеп үзген
 Аң

V. Қорытындылау: “Әңгіме кестесі” стратегиясы

1 Мысалдың тақырыбы: “Арыстан мен тышқан”
2 Авторы: Сұлтанмахмұт Торайғыров
3 Оқиға орны: Орманда
4 Кейіпкерлері: Арыстан, тышқан
5 Мысалдың соңында не болды? Тышқан арыстанды өлімнен құтқарды.
6 Мазмұнының идеясы: Мақтаншақ болмау, ақылды болу.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама