Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Армысың әз Наурыз
Тақырыбы: Армысың әз Наурыз
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.

Жүргізуші:
Уа, жарандар, жарандар,
Бәрің бері қараңдар!
Наурыз думан басталды,
Бір сәт зейін салайық.
Ұштасқан оймен мәңгілік
Біздерде бар сан ғұрып,
Ғасырлардан ғасырға
Келе жатқан жаңғырып.
Бермен жақын тұрыңдар,
Сөзіме көңіл бұрыңдар.
Жауқазындай наурыздың
Жарапазан жыры бар.

Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!

Құттықтау сөз: Балабақшамыздың директоры Сарбиназ Талапқалиқызына беріледі

Ән: «Наурыз көктем»

Жүргізуші:
Ұлыс күні кәрі - жас
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай
Жамырасып өріскен.
Ұлыс күні қар еріп,
Сай - салалар гүрілдер.
Көк шөбі шығып желкілдеп,
Дүние біткен күлімдер.

Уа, ағайын! «Наурызым – бабамның сөзі, Наурызым – анамның сөзі, Ғасырдан ғасырға жеткен даламның сөзі» демекші, тойды бастамас бұрын, бізбен бірге Наурыз тойын тойлауға бірнеше қонақтар келе жатқан сияқты. Соларды ортамызға шақырайық. Қарсы алыңыздар.
Қыдыр ата, Алдар көсе, Қожанасыр, Тазша бала қош келдіңіздер. Бізбен бірге наурыз мерекесін тойлаңыздар.

Қыдыр ата.
Келе жатыр жылымыз
Мейрамдаймыз мұны біз.
Жас балаша нұрланып, жадырасып бәріміз.
Күннің жаңа нұры бар, мұнын ғажап сыры бар
Халық сүйген мейрамды қарсы алайық Наурыз!

Алдар көсе:
Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді салтымыз:
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Наурыз тойы - береке,
Наурыз тойы – жыр – аңыз - демекші наурыз мерекелеріңіз құтты болсын. Барша жамағат.

Тазша бала:
Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!

Жүргізуші:
Жиналдық Наурыз тойға бәрімізде
Үлкен – кіші жасымыз кәріміз де
Бақшаның мынау бүлдіршіндері
Өнерлерін көрсетуге келді міне
Енді ортаны баршыңызға ашайық
Көрермендерге жырдан шашу шашайық
Ән мен күйді, жыр мен биді шалқытып
Өнерменен інжу - маржан шашайық - деп, қазақтың ұлттық киім үлгілерін киген ұл - қыздарымызды ортамызға шақырамыз.

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Форт - Шевченко қаласы, Баутин ауылы
"Ақбота"балабақшасының әдіскері
Акжигитова Улмекен Мыратбаевна

Армысың әз Наурыз. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама