Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Артық болмас білгенің
Тақырыбы: «Артық болмас білгенің»

Түрі: Сайыс
Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Өзін - өзі басқару, білім дағдыларын кеңейту, еңбек етуге икемдігін шыңдау.
Көрнекілігі: слайдтар, жүргізілетін жұмыстарға қажетті құралдар,
материалдар.
Жүрісі: І. Ұйымдастыру кезеңі

Жүргізуші: Оқушылар, қош келдіңіздер!
Оқушылар, алда келе жатқан үлкен мереке бар. Ол қандай мереке?
Жауап: Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл толу мерекесі.

ІІ. Жоспары:
1. «Тіл сындыру»
2. «Жоғалған сөзді табу»
3. «Қандай тыйым сөздерді білесің?»
4. «Алмастыру ойыны»
5. «Шебер қолдар»
6. «Ұлттық ойын»

ІІІ. Негізгі бөлім:
1.«Тіл сындыру»

Осы мереке аясында «тіл сындыру» ойынын ойнайық.
1. Қазақстан Республикасы тәуелсіздікті қай жылы алды?
2. Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?
3. Қазақстан Республикасының елбасы кім?
4. 2001 жылы туралы не айтасыңдар?
- Биыл тәуелсіздігімізге қанша жыл толғалы отыр?

2.«Жоғалған сөзді табу» ойын

1. Кім еңбек етсе... тоқ.
2. Еңбек етсең ерінбей, тояды... тіленбей.
3. Еңбек түбі...
4. Еңбектің наны тәтті, жалқаудың.... тәтті.

3.«Қандай тыйым сөздерді білесің?»

1. «Үлкеннің алдын кеспе».
- Бұл тыйым сөздің екі себебі бар. Біріншісі мәдениеттілікке тәрбиелейді, үлкенді сыйлауға үйретеді. Екіншісі жолын кескен кісінің жолы болмауы мүмкін.
2. «Бетіңді баспа».
- Жаманшылық шақыру деп түсіндіріледі. Өлі адамның беті жабылады.
3. «Босағада тұрма».
- Қазақта жаманшылыққа жорыған, жетім балаға тән әрекет.
4. «Үйге қарай жүгірме».
- Жаман оқиға туралы хабар айтады деп түсіндірілген.
5. «Итті теппе».
- Ол жеті қазынаның бірі, адамның досы.
6. «Бос бесікті тербетпе».
- Бала жататын төсек, ол бос болса оны тербетуге болмайды. Балаға зар болған адамдардың әрекеті.

4.«Алмастыру ойыны»
- Төрт оқушы ортаға шақырылады. (екі қыз, екі ұл бала)
1. Қыздар шеге қағуды орындайды.
2. Ұлдар бутерброд дайындайды.

5.«Шебер қолдар»
- Төрт оқушы ортаға шақырылады. (екі қыз, екі ұл бала)
1. Ұлдар дайын материалдан бұйым дайындайды.
2. Қыздар түйме қадап көрсетеді.

6.«Ұлттық ойын»
«Асық»- ойнау ережесі.
«Қанталапай» - ойынының ережесі.

ҮІ. Қорытындылау
Ашық шарамыз өз мәресіне жетті. Қатысқандарыңызға рахмет!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама