Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Артық, кем, тең
Сабақ тақырыбы: Артық, кем, тең
1 - сынып
Оқу мақсаты: бір таңбалы сандарды оқиды, жазады және салыстырады;
сандарды салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды;
сандардың қосындысы мен айырмасын анықтау, сандарды салыстыру (артық/кем), көршілес сандарды, сандық аралықтарды, сандар қатарын көрсету үшін сандық сәулені пайдаланады;

“+”, “–”, “=”, “>”, “<” таңбаларын қолданады.
Ресурстар: 2 ойын текшесі;

ламинатталған парақтар мен маркерлер;

10 көлемінде санау үшін заттардың суреттері бар парақшалар.
Тірек сөздер артық;
кем.
Сабақтың мақсаты: Екі жиынды элементтерінің санына қарай салыстыру дағдысын бекіту және салыстыру нәтижелерін “артық”, “кем”, “тең” сөздерін қолдану арқылы өрнектеу; салыстыру нәтижелерін мына белгілерді “”, “=” қолданып жазуды үйрету; сандық сәуле бойында сандардың орналасуы бойынша салыстыру тәсілдерімен таныстыру.

Оқушылар сандардың сандық сәуле бойында орналасуы бойынша салыстыруды үйренеді: үлкен сан оңға қарай, ал кіші сан солға қарай орналасады. Оқушылар нысандарды санау арқылы екі жиынның қайсысында нысандардың артық немесе кем екенін анықтап, салыстыру таңбаларының көмегімен жазатын болады.

Кіріспе тапсырма. Оқушыларға сабақтың басында ойын текшелерімен жаттығу жасауды ұсыныңыз. Текшелерді кезекпен лақтыра отырып, түскен сандарды салыстырады, яғни текшелердің жоғарғы жағында түскен нүктелердің санын салыстырады. Оқушылар салыстыру нәтижелерін айтқанда “тең” немесе “тең емес” деген сөздерін қолданып, ал жазу кезінде “=”, “≠” белгілерін қолданады. Ойыннан кейін оқушыларға “≠” белгі - сімен жазылған салыстыру нәтижелеріне қарауды ұсыныңыз. Олардан “Салыстыру нәтижесін нақты - лауға бола ма?” деп сұраңыз. Оқушылар салыстыру нәтижесін “артық” және “кем” сөздерімен нақты - лаулары мүмкін. Салыстыру нәтижелерін “” белгілерінің көмегімен жазуға болатынын айтыңыз. Содан кейін осы сандар сандық сәуленің бойында қалай орналасатынына бақылау жасауды ұсыныңыз. Сандық сәуле бойындағы кез келген сан солға қарай орналасса, ол басқа сандарға қарағанда үлкен болатыны туралы қорытынды жасауға жетелеңіз.

Мұғалімнің есімі: Есимова Д. Б.

Артық, кем, тең. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама