Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Архимед күші
Сабақ тақырыбы: §55. Архимед күші.
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Тәжірибелер арқылы Архимед күші туралы білімді қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай алуға жетелеу.
Тәрбиелік: Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, демонстрациялы
Құрал-жабдықтар: аквариум, суы бар ыдыс,таразы, карточкалар, слайд, компьютер

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен амандасу
2. Сыныптың гигиеналық талабын сақтау
3. Оқушыларды журнал бойынша түгелдеу

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:
1. Атмосфералық ауа қысымынан жоғары немесе төмен болатын қысымды өлшеуге арналған құралдар қалай аталады?
2. Манометрлердің жұмыс істеу принципі қандай заңға негізделген?
3. Ашық сұйықтық манометр қалай жасалған және қалай жұмыс істейді?
4. Металл манометр қалай жұмыс істейді?
5. Су сорғысының құрылысы қандай және қалай жұмыс істейді?
6. Допқа, велосипедке ауа толтыруға арналған қарапайым сорғының құрлысы қандай?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Тәжірибе:
Допты суға батырып, қолды қоя бергеннен кейін, доп қайтадан су бетіне шығады.
Мұғалім: доп неге су бетіне ытқып шығады?
Жауап: өйткені допқа күш әсер етті.
Мұғалім: жауап дұрыс, допты судан ығыстырып шығатын күш әсер етті. Бұл күшті біз ығыстырушы күш деп атаймыз.
Мұғалім: сол ыдысқа цилиндрді салайық. Дене батып кетті. Бұл жағдайда ығыстырушы күш әсер ете ме?
Жауап: оқушылар әр қилы жауап беруі мүмкін.
Мұғалім: цилиндрге ығыстырушы күш әсер ете ме екенін тексеру үшін, цилиндрді динамометрге іліп, динамометрдің көрсеткішін жазып аламыз. Содан кейін цилиндрді сол тұрған күйінде суға батырамыз да, динамометрдің көрсетуін жазып аламыз. Екі жағдайдағы динамометр көрсеткішін салыстырамыз. Тәжірибе жасалады. Не байқадыңдар:
Жауап: Цилиндрді суға салғанда динамометрдің көрсетуі кемиді.
Мұғалім: бұдан қандай қорытынды жасауға болады?
Жауап: Су салынған кез келген денеге ығыстырушы күш әсер етеді.
Мұғалім: бұл күш қалай қарай бағытталған?
Жауап: Сұйықтықта тұрған денеге әсер ететін ығыстырушы күш жоғары қарай бағытталған.
Тәжірибе: Білеуше тәрізді денені суға салынады.

ҮІ. Бекіту: Карточкамен жұмыс есеп шығару
Аты-жөні
Нұсқасы:
1. Суға көлемі 100см3 болатын дене батырылған. Осы денеге әсер ететін ығыстырушы күшті анықтаңдар. Судың тығыздығы-1000кгм3
2. Керосинге массасы 500г темір кесегі батырылған. Ығыстырушы күшті анықтаңдар. Темірдің тығыздығы -7900кгм3, ал керосиннің тығыздығы -800кгм3
3. Массасы 600кг,көлемі 0,23м3 тасты су ішінде көтеру үшін қандай күш жұмсау керек

V. Үйге тапсырма
ҮІ. Бағалау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама