Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Арифметикалық амалдар, есептеу тәсілдері
Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық амалдар, есептеу тәсілдері

Сабақтың мақсаты: 1 Оқушылардың арифметикалық амалдарды есептеу тәсілдерін пысықтау.
2 Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту
3 Өз бетімен жұмыс жасау, ізденімпаздыққа, тапқырлыққа баулу, өзінің де, өзгенің де еңбегін бағалау, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Карта, суреттер, формула, геометриялық фигуралар, шарлар, төрт түлік суреттері.
Әдісі: Түсіндіру, топтық жұмыс
Түрі: Саяхат сабақ.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру
Ел тірегі балдырғанбыз, баламыз.
Болашақтың мақтанышы боламыз.
Қасиетті Маңғыстауым, өркендей бер, өсе бер.
Пір Бекетім желеп – жебеп жата бер.
« Еліңді сүй, жеріңді сүй» деген ата – бабамыз.
Бағалау: « Ат – ер қанаты» деп жылқы жылында « 5» деп жылқымен
бағалаймын. Елбасымыздың жолдауын қолдай отырып, « Мәңгілік ел» деп
4 деп шаңырақпен бағалаймын.

2. Өткен сабақ.
№ 7 Теңдеулерді шешу
Теңдеу дегеніміз не?

3. Жаңа сабақ.
1. Көркем жазу.
2. Бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ. Себебі сыныбымызға көптеген қонақтар келіп отыр. Біз қонақ сыйлайтын елміз. Келгенше қонақ ұялады, келгесін қонақ иесі ұялады дегендей, ұятқа қалмай өз білімімен инабаттылығымызды көрсетейік.
3. Бүгін біз туған өлкеміз Маңғыстау тарихына саяхат жасаймыз.
Әр аялдамада бөгеттер кездеседі. Сол бөгетттерден сүрінбей өтсек, мақсатымызға жетеміз, өз туған жеріміздің тарихын жақсы меңгереміз. Әр аялдамада бізге тапсырмалар бар.

Бірінші аялдама
1929 – 1973 жылдары – Маңғыстау ауданы
1939 – 1963 жылдар аралығында өңірде екі аудан болды.
Шевченко ауданы, орталығы – Форт Шевченко және Маңғыстау ауданы, орталығы – Таушық кенті.
№ 1 есеп
а) Әр топтың топ басшысы есебі бар бір шардан алады.
ә) Қалдықпен бөлу
Топ басшылары шығарады.

Екінші аялдама
1990 жылдан Маңғыстау дербес облыс атанды.
№ 2 есеп
1 – топ
(987 – 214) • (6542 – 6245) = 229581
2 – топ
(10000 – 9845) • (200 + 150) = 54250
3 – топ
(1258 – 698) • 524 = 293440
4 – топ
(1681 + 694 ): (225: 45) = 475
5 – топ
(120000 – 92000): (987 – 967) = 1400

Сергіту сәті
Мынау менің жүрегім,
Бәрі содан басталған.
Алтын бесік туған жер
Мұнда қызық барі бар.
Мынау менің сезгенім.
Өмір бойы сүйемін.
Жаса! Жаса!
Туған жер!
Үшінші аялдама.
Дүние жүзілік мақтауы бар мұнайы, газ қоры, көмір, ақ бор тасы, төрт түлігі сай мекен болып табылады.
№ 4 – есеп
а) 75: 3 = 25 (1 адамға) 143 • 25 = 3575кг
ә) 640: 32 = 20кг (1 ағашқа) 100 • 20 = 2000кг
Төртінші аялдама
Облыстың батысында Каспий теңізі – жер шарындағы ең ірі тұзды көл, бірақ көлеміне, даму тарихына қарап теңіз қатарына жатады.
Каспийдің ұзындығы 1200 км. Орташа ені 320 км. Ең терең жері 1025 метр. Теңізде бекіре, қызыл балық, қортпа сияқты бағалы балықтары бар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама