Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ас қорыту мүшелері және олардың қасиеттері
Пәні: Дүниетану;
Мектебі, класы: 3 класс;

Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту мүшелері және олардың қасиеттері.
Сабақтың мақсаты:
1. Астың адам өміріндегі маңызы, адам ағзасындағы асты қорытып, сіңіруге қатысатын мүшелер, олардың үйлесімді қызметі туралы түсінік - ұғым беру. Тамақтану ережесі, оны ұстанудың адам денсаулығын сақтаудағы маңызы туралы біліктерін қалыптастыру;
2. Тазалықты сақтауға, ұғымталдыққа, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа баулу;
3. Дүниетанымдарын кеңейту, таным белсенділіктерін арттыру, ой - өрісін дамыту;
Сабақтың түрі: аралас сабақ;
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, оқулық, қима қағаздар;
Сабақтың әдіс - тәсілдері: СТО

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі.
- Сәлеметсіздер ме?!
- Балалар, бүгінгі сабағымыз күнделікті сабақтарға қарағанда ерекше. Оны ойдағыдай етіп өткізіп, өз білімдерімізді қонақтарға көрсете білейік. Ол үшін өзімізді дайындап алайық!
Психологиялық дайындық.
Мен күштімін!
Мен мықтымын!
Мен әдемімін!
Сабағымды мен «5 - ке» оқимын!
(2 рет қайталау)
- Олай болса, сабағымызды бастайық!
- Мен өзіме сәттілік тілеймін, сіздерге де соны тілеймін!
II. Үй тапсырмасын тексеру;
- Үйге қандай тапсырма берілді?
(Ауызша тексеріледі)
- «Тыныс алу мүшелері»
Тыныс алу мүшелерінің қызметі Тыныс алу гигиенасы Тұмау, туберкулез ауруларының алдын - алу. Шылым шегудің зияны.

Бекіту.
(«Иә» немесе «жоқ» деп жауап беру.)
1. Ауа жолы өкпеге кіретін ауаны жылытады, ылғалдайды, зиянды заттардан тазартады. (Иә)
2. Өкпеден қайтадан сыртқа шыққан ауада оттегі көп болады. (Жоқ)
3. Шылым шегуден тыныс алу мүшелері жиі ауруға шалдығады. (Иә)
4. Өкпе кеуденің сол бөлігінде орналасқан. (Жоқ)
5. Тыныс шығарғанда өкпе сығылып, кішірейеді. (Иә)

III. Жаңа сабақ.
a) Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау;
- Балалар, біздер ары қарай адам ағзасы туралы білімімізді толықтырамыз. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: « Ас қорыту мүшелері және олардың қызметі деп аталады. (Тақырыпты тақтаға жазу)
- Алдыңғы сабағымызда қан қоректік заттарды тағамнан алатынын білдік. Енді қан оларды қандай күйде, қалай алатынын талдайық. (сұрақ - жауап, ой қозғау)
- Ас қорыту жолы қандай мүшелерден басталады?
- Ас ауыз қуысында қандай өзгеріске ұшырайды?
-...
Сурет бойынша түсіндіру.
- Ас қорыту мүшелері: ауыз, өңеш, жұтқыншақ, асқазан, ішек, бауыр, ұйқы безінен бөлінетін сөл арқылы қорытылып, сұйық, ерімтал күйде ащы ішек қабырғаларынан қанға өтеді. Ол қан тамырларымен дененің барлық мүшелерін қоректендіреді.
Қорытылмаған ас тік ішек арқылы сыртқа шығарылады.

b) Ой қозғау.
- Тісі түскен адамдардың асты қорытуы нашарлайды. Оның себебі неде?
- Тістің ауруға шалдығып, ерте түсуі неден басталады?
c) Оқулықпен жұмыс.
- «Тамақтану гигиенасын» оқу;
- (3 - 4 оқушы дауыстап оқиды)

d) Сергіту минуты.
Шынықтырып денесін,
Тісін жуып, тазалап,
Мектебіне барады
Міне, нағыз Азамат!
Орамалы қалтада
Үсті - басы тап - таза,
Отырады партада
Міне, нағыз Азамат!
Тапсырмалар.

1. Ас қорыту мүшелері. Ауыз қуысы. Қызметі
Тамақ қорытылып, ыдырауға түседі.
Бауыр
Қорытылып еріген тағамның қоректік заты қанға араласады.
Тік ішек

2. Рөл – асқазан.
А – аудитория.
Ф – арыз, шағым, тілек.
Тақырып – «Ас – адамның арқауы»
3. Тамақтану гигиенасы туралы әңгімеле.

IV. Бекіту.
Тамақтану – ағзаның өсіп - дамуы мен тіршілік әрекеті үшін ең негізгі жағдай.
V. Бағалау.
Өзін - өзі бағалау.
VI. Үйге тапсырма беру.
20 - 21 бет. Тамақтану ережесі, ішек - қарын ауруларының алдын - алу.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама