Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Аспапта ойнауды жетілдіру
Ақтөбе облысы,
Шалқар қаласы,
Қазанғап атындағы саз мектебі
Тулешова Ментай Ысқаққызы

Сабақтың тақырыбы׃ Аспапта ойнауды жетілдіру
Сабақтың мақсаты: Оқушыға шығармадағы кездесетін қиын тұстарды меңгертіп, ойнау шеберлігін арттыру.
Білімділігі: аспапты еркін игеру, музыкалық сауатын ашу және аспапта ойнауын жетілдіру.
Дамытушылығы: а) Оқушының қызығушылығын арттыру.
б) Оқушының ой-өрісін дамыту
Тәрбиелігі: Оқушылардың сана сезімін, ақыл-ойын кеңейту. Шығарманы сезініп ойнауға дағдыландыру.

Сабақтың типі: Саяхат-сабақ.
Көрнекілігі: суреттер мен плакаттар
Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырамсын тексеру
3. Актуалдау
4. Сергіту сәті
5. Жаңа сабақ
6. Қорытындылау
7. Үйге тапсырма беру
8. Бағалау

І.Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық
(Кеме капитаны ойынның ережесімен таныстырады. Кабинетті тақырыпқа сәйкес безендіру. Оқушылар теңізге саяхатқа шығады. Олар түрлі аралға тоқтап, сондағы тапсырмаларды орындайды. Тапсырмаларды жақсылап орындап шықса, кеме капитанының жоғалған затын табуға көмектесе алады, яғни тапсырманы орындап, әр аялдамадан жасырылған затты табу.

Жаттығулар аралы:
а) ре-мажор гаммасын бірге ойнау.
ә) Гамманы лигато, стаккато штрихтарымен ойнау.
б) Арпеджиы штрихтарымен ойнау.
(Жаттығуларды орындап болған соң, табылған бөлшекті алады)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Л.Аманов «Қасқалдақ» жатқа ойнау.
(Табылған затын алу)
ІІІ. Актуалдау. Венн диаграммасын пайдалану «Қасқалдақ» және «Балалар биі»
ІV. Жаңа сабақ аралы
Ғ.Оразалиева «Балалар биі» Бұл шығарманы күйсандықтың сүймелдеуімен ойнап көрсетейік. Шығарманы талдамас бұрын, автордың өмірбаянын қысқаша қысқаша баяндап берейін. Өлшем 2/4, тональносі ре-мажор, сегіздік, он алтылық ноталар және тыныстар бар . Би бөлімнен тұрады. Бірінші мен үшінші бөлім қайталанады. Бұл бөлімдер стакатто штрихымен ойналады. Екінші бөлім деташе штрихымен ойналады. Енді биді нотамен айтып, дирижерлайық. Саусақтарды дұрыс қойып, дыбыстарды таза алу керек.

Ү.Сергіту сәті. Ойындар арқылы.
Бұл жерде оқушылар өз білімдерін яғни, есте сақтау қабілеттерін байқатады. Ойын «Жалғастыр» яғни бастауыш кубикті тастау арқылы нота көрсетеді, сол нотадан басталатын әуенді ойнап көрсету керек. Ойын «қайтала» (кубизм әдісі) Бар оқушының ойнаған әуенді екінші оқушы қайталау керек. Осылай кезектесіп жарысады.

ҮІ. Қорытынды аралы.
Біз бүгін сабақта, Балалар биін өттік. Шығарманы толық меңгеру үшін, стаккато штрихымен ашық ішекте жұмыс жасауымыз керек. Шығармадағы дыбыстарды таза алу үшін тональносты ажырата білуіміз керек. Ғ. Оразалиева балаларға көп деген шығармалар жазғанын білеміз. Шығарманы толық жаттап болған соң, оны түсініп яғни сезініп ойнауға тырысу керек. Дыбыстарды таза алу үшін сол қол қойылымын қадағалау қажет, ол үшін тон аралығын естен шығармауымыз керек. Қобыз тартуға сольфеджио сабағының маңызы зор.
Соңғы арал

Бекіту:
Ғ.Оразалиева қай жылы туды?
Стаккато штрихы ысқыштың қай бөлігімен ойнаймыз
Тональносты анықтау үшін не істейміз?
(Соңында оқушылар жинаған бөлшектерді құрастырып, жоғалған затын табады) Қай оқушы дұрыс құрастырғанын анықтау. Міне осылайша кеме капитанының жоғалған затын табуға көмектеседі.
ҮІІ. Үйге тапсырма беру
Ғ. Оразалиева «Балалар биі» белгіленген жерге дейін санап ойнау және стаккато штрихін ашық ішекте ойнап машықтану.
ҮІІІ. Бағалау.
Өте жақсы
Жақсы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама