Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Асқар Мамин: 600 мың педагогтің жалақысы 25 пайызға артады

600 мың педагогтің жалақысы 25 пайызға артады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты.

«Биыл бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеру жалғасатын болады. 600 мың педагог үшін жалақының 25 пайызға, 247 мың медицина қызметкерлер үшін біліктілік деңгейіне байланысты 20-дан 30 пайызға дейін көтерілуі қамтамасыз етіледі», - деді Премьер-Министр Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Үкімет басшысының атап өтуінше, әлеуметтік қызметкерлердің, нақты айтқанда 21 мың адамның лауазымдық жалақысы 50 пайызға артатын болады.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама