Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Астана - арман қала
Қазақ тілі 9 сынып

Сабақтың тақырыбы: Астана – арман қала.
Мақсаты: тақырып мазмұнын игерту.
1. Білімділік: оқушылардың Астана қаласы туралы білімдерін толықтыру, шылау сөздерді орынды қолдана білуге үйрету.
2. Дамытушылық: оқушылардың танымдық әрекеттерін қалыптастыра отырып, ауызекі сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: жұптылыққа, адамгершілікке, шыдамдылыққа, тәртіпке тәрбиелеу. Отансүйгіштік сезімдерін ояту.

Сабақтың түрі: құрастырылған
Қолданылатын технология: «Сыни тұрғыдан ойлау», «АҚТ», «Модульдік оқыту»
Әдіс –тәсілдері: «Миға шабуыл», «Синквейн», кластер, ВЕНН диаграммасы.
Жұптық, жеке, екеуара жұмыс
Көрнекілігі: АҚТ- құрылғылары, кестелер, суреттердің қиықтары, стикерлер, түрлі-түсті қағаздар, маркерлер, бағалау парақтары, оқулық т.б.

Сабақтың кезеңдері
І. Ұйымдастыру кезеңі
1.1. Сәлемдесу
1.2. Психологиялық жағдаят
1.2. Көңіл шеңберінде тұрып жақсы лебіздерін білдіреді
1.3. Топқа бөлу (мозаика)
Топқа мозаика құрастыру арқылы бөлінеді
Топ мүшелері өзін ара топ басшысын сайлайды
Топ басшысы әр кезеңде бағалау парағын толтырып отырады (алдын ала құрастырған критерийлер бойынша)
ІІ. Сабаққа кіріспе
2.1. Интерактивті тақтадан сабақтың ұранын оқиды.
Оқушылар -өлең жолдарын, мұқият тыңдайды
Сән беріп Сарыарқадай гүл өңірге,
Жайнаған Отанымның жүрегінде.
Астанам – бақ ошағым, түп қазығым,
Айналған бар қазақтың тірлігіне,,,

2.2. «Миға шабуыл» бұл өлең жолдарын қалай түсінесіңдер?
Тақтадағы суреттерге қарап, өлең жолдарын оқи отырып өз ойларын ортаға салады. (1-2 минут)
2.3. Осы өлең жолдарын постер немесе кластер арқылы көрсетіңдер.
Постер немесе кластер құрастырады.
(Уақыттары жетпесе)
ІІІ. Негізгі бөлім
3.1. мәтінмен жұмыс
1 – тапсырма, 135-бет. Екеуара диалогты оқып, түсінгендерін өз ара бөліседі.
3.2.Қағаз қиықтарына құрастыруға сұрақтарын жазады оны бір қоржынға салады.
Мұғалімнің рұқсатымен бір-бірлеп сұрақтарды алып, жауап береді. сөйтіп мәтіннің мазмұнын игереді.
3.3. 2 –тапсырма. Шылау сөздерді мәтін ішінен теріп, кесте бағандарын толтыртады.
жалғаулықтар демеуліктер септеуліктер
3.4. 3- тапсырма. Сабақ басында құрастырған постер немесе кластерлеріне оралып, толықтырады.
«Астана» сөзіне алдымен жеке синквейн құрастырып жазады, топ ара ақылдасып топ атынан
«Синквейн» жазады.
3.5. Топ жұмысын қорғау.
IV. Үй тапсырмасы
4.1. РАФТ – рекламалық проспект
4.2. Презентация дайындау
4.3. Сұхбат Оқушылар өз қалаулары бойынша үй тапсырмасын тандайды
V. Рефлексия
Топ басшылары топтастарына қойған бағаларын айтады. «Келісемін», «Келіспеймін» әдісі бойынша мұғалім пікірлерді тыңдап, журналға баға қояды
Шеңбер формасындағы қағаз қиығын таратады
Оқушылар смайл түрін салып, сабаққа өз бағаларын қояды.
Ұнаған-ұнамаған жерлерін айтып, өз ұсыныстарын білдіреді.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама