Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Астана – әсем қала!
Астана – әсем қала!
Мақсаты: Астана қаласының көрікті ғимараттарымен таныстыру және оқушылар бойында ұлтжандылық қасиеттерді қалыптастыру.
Дамытушылық: Астана тарихын насихаттау арқылы тіл байлығын, сөз саптауын, ойын жеткізе білу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: Астананың мәдени жетістіктерінің, оқушыларды Отансүйгіштікке, әсемдікке, салауаттылыққа баулу.
Көрнекілігі: Плакаттар, Астана қаласы туралы бейне баян, Астана қаласының көріністері /суреттер/

Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Ынтымақтастық атмосферасы
Шаттық шеңбер
«Сені көргеніме қуаныштымын...» жаттығуы
Мақсаты: Қатысушылардың жағымды жақтарын анықтау.
Жаттығу барысы
Әрбір қатысушы өз көршісіне келесі сөздерді айтады: «Мен сені көргеніме қуаныштымын, себебі...». Бұл сөйлемді адамның сыртқы келбетіне байланысты сөзбен емес, мінез ерекшеліне байланысты сөзбен аяқтау керек.
Топқа бөлу Пазла әдісі арқылы топқа бөлу
1- топ Бәйтерек суретін құрайды келесі топ Ақ орда суретін құрып топқа бөлінеді
1- топ Бәйтерек тобы
2- топ Ақ орда тобы
Білемін Білгім келеді Үйрендім әдісі

Қызығушылықты ояту Білемін
- Осы шыққан суреттерді қай қаладан көрдіңдер?
- Бәйтерек қай қаланың символы?
- Астана қаласының символы - Бәйтерек.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар.
Ендеше бүгінгі сынып сағатының тақырыбы «Астана - әсем қала.» деп аталады. Мақсатымыз: Астананың әсем көрікті ғимараттарымен танысу, білу.
Астана туралы не білеміз?
Астана туралы не білетіндерін айтып шығады.
Білгім келеді
Әр топтан бүгінгі сабақта не туралы білгілері келетіндерін жазу.
Стикерге жазып, оқу керек.
Мағынаны тану
Әсем қала туралы бейне баянды қараймыз. Онда Астананың көрікті ғимараттары туралы айтылған.

Топпен жұмыс
1топ Осы бейне баяннан қандай ғимараттар туралы мәлімет алдық соның суретін жапсыру және ол туралы алған деректерді жазу
2 топ «Дыбыстар сөйлейді» стратегиясы/
А Алтыншы шілде – Елордамыз – Астананың туған күні.
С Символы – Бәйтерек.
Т Тәуелсіздігімізді асқақтатып, егемендігімізді көрсететін бас қала.
А - Ару қала
Н «Нұр - Астана» мешіті Астананың бар
А Арман қала.
Әр дыбыстарды бояу
Әр топтың жұмысын бағалату шапалақпен
Сергіту сәті «Поезд» жаттығуы.
Ойын ортада жүргізіледі. Ең алдымен, 1 мен 2 - ге саналып аламыз. 1 - номердегілер қолдарын 1 рет соғып, аяқтарымен еденді 2 рет тарсылдатады, ал 2 - номердегілер 2 рет қолдарын соғып, 1 рет аяқтарын еденге тарсылдатады.
Шығармашылық тапсырма
Жеке жұмыс
1- топ Астана туралы бес жол өлең шығару
2- топ Астана - әсем қала тақырыбына эссе жазу. Смайликтер жапсырып, бағалау

Қорытынды Үйрендім
Бес бармақ әдісі.
1 с Не білдік?
2с Не үйрендім?
3с Сабақ ұнады ма?
4с Несімен ұнады? 5с Тілек
Кері байланыс: Бүгінгі сабақ ұнады ма смайликтер көрсету

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама