Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Астана қаласындағы өрт

Астана қаласындағы өрт төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, тұрғын үйдегі өрттің шығу себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуына  әкеп соқтырған ұзартқыш желісіндегі ақаулықтың болуы.

Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті электр желілерін, розеткаларды ақаусыз күйде ұстауға, желілік сүзгілерді және басқа да электр құралдарын жарамсыз күйде пайдалануға жол бермеуге ерекше назар аударуды ұсынады. Осыған байланысты, тұрғындарға өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін саналы жауапкершілік көрсетуді ұсынамыз", - деді Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Асқар Забикулин асқан жанкештілікпен тілсіз жаудан бірнеше адамды құтқарып қалды. Алайда өзі ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне түскен еді. Оның денесінің 80 пайызын күйік шалған болатын.

Осыдан кейін мемлекет басшысы Астанадағы көпқабатты үйде болған өрт кезінде ерлік көрсеткен және бірнеше адамның өмірін құтқарған елордалық өрт сөндірушілерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.

Сыдық Самал Маратқызы "Тұран" университеті журналистика факультетінің 2-курс студенті


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама